Аршалыда 12 жастағы қызды зорлап кетті: күдікті ұсталды – видео

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Ақмола облысындағы Аршалы кентінде кәмелет жасқа толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Полицейлер күдіктіні уақытшы ұстау изоляторына қамаған сәтті көрсетті.
Ресми мәліметке сәйкес, 13 тамызда Аршалының полиция бөліміне 12 жастағы қызды зорлау фактісі туралы арыз түскен. Тәртіп сақшылары бірден жедел іздестіру шараларына кірісті. Күдікті сол күні ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
"Ұсталған адамның кінәсі дәлелденсе, 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - дейді полицейлер.
Жаңалықтар
0