https://sputnik.kz/20220815/almaty-oblysy-zhana-mektep-26713077.html
Алматы облысындағы жаңа мектеп тұрғындардың сынына ұшырады
Алматы облысындағы жаңа мектеп тұрғындардың сынына ұшырады
Sputnik Қазақстан
Ең бастысы – құны үш миллиард болатын мектептегі дәретхана сыртта орналасқан 15.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-15T11:34+0500
2022-08-15T11:34+0500
2022-08-15T11:34+0500
алматы облысы
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0f/26710706_206:0:994:443_1920x0_80_0_0_fb6a7a3d112674f7224d8f8a538d2339.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Талғар тұрғындары жаңа мектептің құрылыс сапасына алаңдаушылық білдірді. Әлеуметтік желіде №25 орта мектептің сапасыз құрылысы туралы ақпарат тарады. Қала тұрғындары мектеп құрылысына үш миллиард теңге жұмсағанымен, нысанның шалғайда орналасуы салдарынан оқушылар саны жетіспей отырғанын айтты. Білім ордасы 1 200 оқушыға арналғаны көрсетілген. "№8 мектептен бастауыш сынып оқушыларын ерікті-міндетті түрде ауыстыру арқылы жаңа мектепке оқушы тартуды ұйғарған. Заң бойынша баланың қай мектепке баратынын ата-ананың өзі таңдауға құқылы", - деп жазылған хабарламада. Жазба авторы құрылыс кезіндегі кемшіліктер мен сапасыз жұмыстар туралы айтты. Талғар аудандық әкімдігі айтылған сынға қатысты пікір білдірді. Әлеуметтік желіде Sputnik тілшісіне берген ресми жауабында шенеуніктер құрылыс жұмысында шынымен де түзететін тұстар бар екенін айтып, мердігер компания мұны өз қаражаты есебінен жоятынын мәлімдеді. "Мектеп 2021 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді. Мекеменің жанында нөсер жаңбыр салдарынан артық суды сыртқа шығаратын резервуардың болуына байланысты футбол және баскетбол алаңдарының жабынын үнемі су басып қалады. Бұл кемшілік туралы ескерту тиісті шаралар қабылдау және су ағынын жабу үшін құрылыс басқармасына жолданды", - деді аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы Олжас Батырқанов. Сондай-ақ ведомстводағылар түсіндіргендей, тек бір бөлмеде жарықшақ анықталған, оны жою жұмыстары демонтаж арқылы жүргізіледі. "Дәретханаға келер болсақ, мектеп ішінде әр қабатта ұлдар, қыздар және мұғалімдерге арналған дәретхана бар. Сонымен қатар, мектепке келушілерге арналған ортақ кабиналар да бар. Бірақ мектеп жобасында сырттағы дәретхана да қарастырылған", - деп атап өтті әкімдіктегілер. Құрылыс компаниясы 25 тамызға дейін кемшіліктерді жоюға уәде беріп, нысанға қажетті материалдарды жеткізіп қойғаны хабарланды. Талғар ауданында 43 білім беру мекемесі болса, оның 11-і Талғарда орналасқан.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0f/26710706_304:0:895:443_1920x0_80_0_0_3f738c036a481e020a84fa2e9e5a7c76.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, мектеп
Алматы облысындағы жаңа мектеп тұрғындардың сынына ұшырады
Ең бастысы – құны үш миллиард болатын мектептегі дәретхана сыртта орналасқан
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Талғар тұрғындары жаңа мектептің құрылыс сапасына алаңдаушылық білдірді.
Әлеуметтік желіде №25 орта мектептің сапасыз құрылысы туралы ақпарат тарады. Қала тұрғындары мектеп құрылысына үш миллиард теңге жұмсағанымен, нысанның шалғайда орналасуы салдарынан оқушылар саны жетіспей отырғанын айтты. Білім ордасы 1 200 оқушыға арналғаны көрсетілген.
"№8 мектептен бастауыш сынып оқушыларын ерікті-міндетті түрде ауыстыру арқылы жаңа мектепке оқушы тартуды ұйғарған. Заң бойынша баланың қай мектепке баратынын ата-ананың өзі таңдауға құқылы", - деп жазылған хабарламада.
Жазба авторы құрылыс кезіндегі кемшіліктер мен сапасыз жұмыстар туралы айтты.
"Жабынның жұқа болғаны сонша, оның үстіміне жұмысшылар жүріп өткеннен әбден майысқан. Мынау шатырдан су ағуының себебі болса керек. Ылғалдан төбелер мен әрлеу жабындары ісініп кеткен. Қабырғаларда ылғал мен жарықшақ бар. Спорт алаңдары балшықта орналасқан, яғни ол үнемі жаңбыр астында тұрады. Балалардың ойын алаңдарына резеңке орнатылмаған, тіпті тартпа да жасалмаған. Ең бастысы – құны үш миллиард болатын мектептегі дәретхана сыртта орналасқан", - деп жазды ол.
Талғар аудандық әкімдігі айтылған сынға қатысты пікір білдірді. Әлеуметтік желіде
Sputnik тілшісіне берген ресми жауабында шенеуніктер құрылыс жұмысында шынымен де түзететін тұстар бар екенін айтып, мердігер компания мұны өз қаражаты есебінен жоятынын мәлімдеді.
"Мектеп 2021 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді. Мекеменің жанында нөсер жаңбыр салдарынан артық суды сыртқа шығаратын резервуардың болуына байланысты футбол және баскетбол алаңдарының жабынын үнемі су басып қалады. Бұл кемшілік туралы ескерту тиісті шаралар қабылдау және су ағынын жабу үшін құрылыс басқармасына жолданды", - деді аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы Олжас Батырқанов.
Сондай-ақ ведомстводағылар түсіндіргендей, тек бір бөлмеде жарықшақ анықталған, оны жою жұмыстары демонтаж арқылы жүргізіледі.
"Дәретханаға келер болсақ, мектеп ішінде әр қабатта ұлдар, қыздар және мұғалімдерге арналған дәретхана бар. Сонымен қатар, мектепке келушілерге арналған ортақ кабиналар да бар. Бірақ мектеп жобасында сырттағы дәретхана да қарастырылған", - деп атап өтті әкімдіктегілер.
Құрылыс компаниясы 25 тамызға дейін кемшіліктерді жоюға уәде беріп, нысанға қажетті материалдарды жеткізіп қойғаны хабарланды.
Талғар ауданында 43 білім беру мекемесі болса, оның 11-і Талғарда орналасқан.