https://sputnik.kz/20220815/akim-shopyr-pater-26723688.html
Бұрынғы әкімнің шопыры пәтерін мемлекетке қайтарды
Бұрынғы әкімнің шопыры пәтерін мемлекетке қайтарды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталовтың көлігін жүргізген ер адам тұрғын үй қорынан алған пәтерін қайтарды, деп... 15.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-15T21:16+0500
2022-08-15T21:16+0500
2022-08-15T21:16+0500
пәтер
https://sputnik.kz/img/757/51/7575160_0:99:1280:819_1920x0_80_0_0_c8056e2a0bc1ca9a5f9b09d3baa43309.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталовтың көлігін жүргізген ер адам тұрғын үй қорынан алған пәтерін қайтарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұған дейін Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев арнайы мониторингтік топ құрып, бұрын таратылған пәтерлерге инвентаризация жасауды тапсырды. Тексеріс кезінде 1 066 пәтерді бергенде заң талаптары бұзылғаны анықталды. Әкімдік 37 пәтерді мемлекетке қайтарды. Оған иелік еткендердің арасында қазіргі және бұрынғы мемлекеттік қызметшілер бар. Алматы облысының бұрынғы әкімін тасыған көлік жүргізушісіне де қызметтік пәтер заң бұзушылықпен берілген."Николай деген көлік жүргізуші қаланың 8-ші шағын ауданынан алған бір бөлмелі пәтерін тұрғын үй коммуналдық қорына қайтарды. Ол баспана қызметтік қажеттілік үшін рәсімделген. Кілтін өз еркімен тапсырды", - дейді әкімдіктің баспасөз хатшысы Мәди Шәкенов.Қазіргі кезде комиссияның шешімімен қайтарылған 11 пәтер көпбалалы отбасыларға және мүгедектерге кезек бойынша үлестірілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/757/51/7575160_124:0:1261:853_1920x0_80_0_0_c555bb64490e6dd60fef10be76f0f187.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пәтер
Бұрынғы әкімнің шопыры пәтерін мемлекетке қайтарды
НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталовтың көлігін жүргізген ер адам тұрғын үй қорынан алған пәтерін қайтарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бұған дейін Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев арнайы мониторингтік топ құрып, бұрын таратылған пәтерлерге инвентаризация жасауды тапсырды. Тексеріс кезінде 1 066 пәтерді бергенде заң талаптары бұзылғаны анықталды. Әкімдік 37 пәтерді мемлекетке қайтарды. Оған иелік еткендердің арасында қазіргі және бұрынғы мемлекеттік қызметшілер бар. Алматы облысының бұрынғы әкімін тасыған көлік жүргізушісіне де қызметтік пәтер заң бұзушылықпен берілген.
"Николай деген көлік жүргізуші қаланың 8-ші шағын ауданынан алған бір бөлмелі пәтерін тұрғын үй коммуналдық қорына қайтарды. Ол баспана қызметтік қажеттілік үшін рәсімделген. Кілтін өз еркімен тапсырды", - дейді әкімдіктің баспасөз хатшысы Мәди Шәкенов.
Қазіргі кезде комиссияның шешімімен қайтарылған 11 пәтер көпбалалы отбасыларға және мүгедектерге кезек бойынша үлестірілді.