https://sputnik.kz/20220814/ush-zhuzden-astam-urlangan-mal-zhetisu-turgyndaryna-qaytaryldy-26703012.html
Үш жүзден астам ұрланған мал Жетісу тұрғындарына қайтарылды
Үш жүзден астам ұрланған мал Жетісу тұрғындарына қайтарылды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Жетісу облысында полицейлер ұрланған 360-тан астам ірі қара малды тауып, иелеріне қайтарды, деп хабарлады өңірдің полиция... 14.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-14T14:35+0500
2022-08-14T14:35+0500
2022-08-14T14:35+0500
мал
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0a/18617172_0:257:2731:1793_1920x0_80_0_0_5d6868851b2be38dc46d57c35d9e2241.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Жетісу облысында полицейлер ұрланған 360-тан астам ірі қара малды тауып, иелеріне қайтарды, деп хабарлады өңірдің полиция департаменті.Жыл басынан бері облыста 91 мал ұрлығы тіркелген. Ауыл тұрғындарының 140-тан астам жылқысы, 56 ірі қара малы, 314 бас қой-ешкісі барымталанған. Тәртіп сақшылары 360-тан астам малды тауып, заңды иелеріне қайтарып берді."Осы жылы мал ұрлығы қылмыстарын ашу деңгейі 77,4%-ке дейін жақсарды. Сондай-ақ, полицейлер мал ұрлығымен айналысатын 5 қылмыстық топты залалсыздандырды. Ол топтардың әрқайсысы бұрын сотты болған адамдардан құралған және жылқы ұрлығымен айналысқан. Бүгінгі күні олардың 70 бас жылқы ұрлығына қатысы бар екені дәлелденді. Ұрланған осы жылқының 60-ы табылып, ауыл тұрғындарына қайтарылды", - деді Жетісу облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Ельдар Әбдікенов.Сондай-ақ, полицейлер малды тасымалдау және ет өнімдерін сату саласындағы заңбұзушылықтарды анықтау жұмыстарының күшейтілгенін хабарлады."Тиісті құжатсыз малды тасымалдау және сату бойынша 98 заңбұзушылық анықталды. Осы фактілер бойынша жалпы сомасы 3 миллион теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл салынып, материалдар ветеринариялық қызметке жолданды", - деді Әбдікенов.Ведомстводағылар көбінесе ауыл тұрғындары мал жаю ережелерін ескермей, үй жануарларын қараусыз қалдыратынын айтты. Мал жаюға байланысты заңбұзушылықтар үшін 920 адамға 1,7 миллион теңге айыппұл салынған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0a/18617172_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_d1f30d134eed891a4bfc2e99090732c7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мал
НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Жетісу облысында полицейлер ұрланған 360-тан астам ірі қара малды тауып, иелеріне қайтарды, деп хабарлады өңірдің полиция департаменті.
Жыл басынан бері облыста 91 мал ұрлығы тіркелген. Ауыл тұрғындарының 140-тан астам жылқысы, 56 ірі қара малы, 314 бас қой-ешкісі барымталанған. Тәртіп сақшылары 360-тан астам малды тауып, заңды иелеріне қайтарып берді.
"Осы жылы мал ұрлығы қылмыстарын ашу деңгейі 77,4%-ке дейін жақсарды. Сондай-ақ, полицейлер мал ұрлығымен айналысатын 5 қылмыстық топты залалсыздандырды. Ол топтардың әрқайсысы бұрын сотты болған адамдардан құралған және жылқы ұрлығымен айналысқан. Бүгінгі күні олардың 70 бас жылқы ұрлығына қатысы бар екені дәлелденді. Ұрланған осы жылқының 60-ы табылып, ауыл тұрғындарына қайтарылды", - деді Жетісу облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Ельдар Әбдікенов.
Сондай-ақ, полицейлер малды тасымалдау және ет өнімдерін сату саласындағы заңбұзушылықтарды анықтау жұмыстарының күшейтілгенін хабарлады.
"Тиісті құжатсыз малды тасымалдау және сату бойынша 98 заңбұзушылық анықталды. Осы фактілер бойынша жалпы сомасы 3 миллион теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл салынып, материалдар ветеринариялық қызметке жолданды", - деді Әбдікенов.
Ведомстводағылар көбінесе ауыл тұрғындары мал жаю ережелерін ескермей, үй жануарларын қараусыз қалдыратынын айтты. Мал жаюға байланысты заңбұзушылықтар үшін 920 адамға 1,7 миллион теңге айыппұл салынған.