Түркістанда шағын аудан тұрғындары үреймен өмір сүріп жатыр

© Sputnik / Константин ЧалабовАрхивное фото ванной комнаты
Архивное фото ванной комнаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2022
Жазылу
Олар шағын аудандағы тұрғынның бірін ваннаға шомылып жатқан кезде тоқ соққанын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз — Sputnik. Түркістан қаласындағы "Отырар" ықшам ауданының тұрғындары жуынатын бөлмеге кіруге қорқады.
Қала тұрғындары ванналардың астынан бір ұшы жерге жалғанған сымдарды тапты. Бұл тұйықталу электр желісін қауіпсіз ету мақсатында жасалғанмен, керісінше, тұрғындардың сенімсіздігі мен үрейін арттырып, ваннада жуынудан бас тартуға мәжбүр етуде, деп хабарлады жергілікті "Отырар" порталы.
"18-ші үйде бір әйел суға шомылып жатқан жерінде тоқ соғып, қайтыс болғанын естідік. Тағы бір бойжеткен өзін де дәл сондай сымнан тоқ соққанын айтқан соң, тіпті қорқып отырмыз", - дейді тұрғындардың бірі.
Бір ай бұрын болған қайғылы оқиғадан кейін адамдар ваннаның астындағы электр сымдарын жаппай жұлып тастауды ұйғарды. Сол кезде желіні тексерген мамандар электр кабельдері ешқандай қауіп төндірмейтінін айтқан. Бірақ бойын үрей билеген тұрғындар бұл сымдарды тартудың мақсатын әлі түсіне алмай келеді.
"Әрине, қорқамыз. Мысалы, мен қазір балаларымды ваннаға шомылдырмаймын. Қайғылы оқиға туралы естіген соң, қатерге бас тіккім келмей, барлық сымды алып тастадым", - дейді тағы бір қала тұрғыны.
Шенеуніктер ваннада тоқ соққан әйел жайында хабардар.
"Бұл сымдар арқылы электр тоғы жүрмейді. Әртүрлі жағдай, қысқа тұйықталу, кездейсоқ токтың шығуы болады. Мұндай жағдайда тоқ суға түскенде ол одан әрі өтуі керек, сондықтан жерге тұйықтау қажет болды. Егер тоқ әрі қарай өтпесе, ол ваннадағы адамға қауіп төндіруі мүмкін", - дейді құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Алмас Байжанов.
Билік өкілдері тиісті сараптама тағайындауға уәде етті.
Жаңалықтар
0