Өңірлер

Талдықорғанда қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысқан ер адамға үкім шығарылды

© Sputnik /Жанна Етекбаеваәкімдік ғимараты
әкімдік ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Талдықорғанда қаңтар оқиғасының қатысушысына үкім шығарылды, деп хабарлады қалалық сот.
Сотталушы өзіне тағылған Қылмыстық кодексінің 272 бабы 2 бөлімі (Соңы мүлікті зақымдауға алып келген жаппай тәртіпсіздікке қатысу) бойынша айыпты мойындады.
Ер адам 5 қаңтарда орталық алаңға барғанын, бүлікшілермен бірге облыстық әкімдік пен қалалық полицияға басып кіргенін айтты.

"Жерде жатқан тасты алып Алматы облыстық әкімігінің ғимаратына қарай лақтырдым. Әкімдіктің ішіне кіріп резеңке таяқпен пластик есіктерді шақтым", - деді ол.

Оның айтуынша, сол резеңке таяқпен қалалық полиция бөлімінің өткізу пунктінің терезесін де сындырған.
Сот айыпталушының кінәсін мойындағанын ескерді. Сот шешімімен ер адам қауіпсіздігі төмен жазалау орнында үш жыл мерзімін өтейді.
Жаңалықтар
0