https://sputnik.kz/20220814/kaspi-chekterdi-qoldan-zhasagan-alayaqtar-26701407.html
Kaspi-чектерді қолдан жасаған: алаяқтар Көкшетау дүкендерін алдап соқты
Kaspi-чектерді қолдан жасаған: алаяқтар Көкшетау дүкендерін алдап соқты
Sputnik Қазақстан
Көкшетау тұрғындары сатушыларға 3 миллион теңге шығын келтірген 14.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-14T12:36+0500
2022-08-14T12:36+0500
2022-08-14T12:36+0500
көкшетау
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/1196/83/11968345_0:150:2000:1275_1920x0_80_0_0_a3fe624a817c5143bf06ab430b2a6870.jpg
КӨКШЕТАУ, 14 тамыз – Sputnik. Көкшетаудың екі тұрғыны Kaspi.kz мобильді қосымшасында жалған чек жасап, төрт ай бойы дүкенде сауда жасаған. Осы іс-әрекеттің салдарынан олар кәсіпкерлерге 3 миллион теңгеден астам (6,3 мың доллар) шығын келтірген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Көкшетау қаласының 31 және 24 жастағы тұрғындары өткен жылдың тамыз-қараша айлары аралығында Красный Яр ауылындағы азық-түлік дүкендерінің бірінің сатушысын алдап, ақшасыз тауар сатып алған. Келтірілген шығын көлемі 3 миллион 62 мың теңгені құрады. Қалалық соттың үкімімен олар Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен (Алаяқтық) кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
көкшетау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1196/83/11968345_115:0:1892:1333_1920x0_80_0_0_81fb102090f79a180b686edc100b7e13.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көкшетау, алаяқтық
Kaspi-чектерді қолдан жасаған: алаяқтар Көкшетау дүкендерін алдап соқты
Көкшетау тұрғындары сатушыларға 3 миллион теңге шығын келтірген
КӨКШЕТАУ, 14 тамыз – Sputnik. Көкшетаудың екі тұрғыны Kaspi.kz мобильді қосымшасында жалған чек жасап, төрт ай бойы дүкенде сауда жасаған.
Осы іс-әрекеттің салдарынан олар кәсіпкерлерге 3 миллион теңгеден астам (6,3 мың доллар) шығын келтірген, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Көкшетау қаласының 31 және 24 жастағы тұрғындары өткен жылдың тамыз-қараша айлары аралығында Красный Яр ауылындағы азық-түлік дүкендерінің бірінің сатушысын алдап, ақшасыз тауар сатып алған.
"Алаяқтар Kaspi.kz қосымшасы арқылы ақша аударған кезде дүкен сатушылар тек түбіртекті тексеретініне және ақша аударымын растамай-ақ азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларын сататынына назар аударған. Осылайша, сатып алушылар тауарды таңдап, бағасын анықтағаннан кейін кассада сатушыны алдаған. Алаяқтар смартфондағы қосымшаны пайдаланып, ақша алушының аты-жөнін және қаражат сомасын түзету арқылы жалған түбіртек көрсеткен", - деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.
Келтірілген шығын көлемі 3 миллион 62 мың теңгені құрады.
Қалалық соттың үкімімен олар Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен (Алаяқтық) кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.