"Балалар Еуровидениесі" байқауына Қазақстаннан кім қатысатыны белгілі болды

© Photo : dimashnews.comДавид Чарлин
Давид Чарлин - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2022
Жазылу
Алматылық Давид Чарлинге арнайы сертификат табысталды
НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Ақтөбеде өткен гала-концертте "Балалар Еуровидениесі" халықаралық байқауына Қазақстан атынан қатысатын жас әншінің есімі белгілі болды.
Салтанатты шарада 11 жасар Давид Чарлинге "Хабар" агенттігінің арнайы сертификаты табыс етілді.
Телеарна жас өнерпазға байқауға дайындалып, ән жазуға көмектеседі.
Сертификатты табыстау рәсімі Ақтөбеде өткен Baqytty Bala 2022 байқауының гала-концертінде өтті. Алматылық Давид Чарлин аталған байқаудың дипломанты атанды. Ал ақтөбелік Жанерке Әбдірахманова мен Барнаулдан келген Ульяна Зарва сынды дарынды әншілер фестиваль жеңімпазы болып танылды.
"Балалар Еуровидениесі" (Junior Eurovision Song Contest) осы жылдың соңында Арменияда өтеді.
Еске салсақ, "Хабар" агенттігі халықаралық байқауды Қазақстан аумағында көрсетуге арналған авторлық құқық иегері болып табылады.
Жаңалықтар
0