Абай облысынан сақ қолбасшысы жерленген қорым табылды

© Sputnik / Елена Бережнаяархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Абай облысы Аягөз ауданы Бозай ауылы маңынан сақтар кезеңіне жататын қорым табылды. Өкінішке қарай, бұған дейін біреулер тонап үлгерген, деп хабарлайды "Хабар 24".
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің археологтары қорымнан адамның шашылған сүйектері мен алтын әшекейлердің қалдығын тапты. Экспедиция мүшелерінің болжамынша, биіктігі 3, диаметрі 30 метрден асатын қорғанда ерте темір дәуірінде, яғни, шамамен 2700 жыл бұрын өмір сүрген сақ қолбасшысы жерленген болуы мүмкін.
Ғани Омаровтың жетекшілігімен қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан археологиялық топ бұл маңнан әртүрлі кезеңге жататын 60-қа жуық ескерткішті анықтаған еді. Жас ғалымдардың пайымынша, сақ кезеңіне жататын қоныстың болуы да әбден мүмкін.
"Бұл жерден аң стиліндегі бұғының, қабыланның бейнесі табылды. Бірақ толық сақталмаған. Зерттеу жұмыстары жалғасады, әлі де жақсы дүниелер шығады деген үміттеміз. Ескерткіштің сыртқы, жер беті, қабір шұңқырының құрылысы өзгеше", - дейді археолог Бауыржан Бесетаев.
Шығыс Қазақстанда, Орталық Қазақстанда мұндай ерекше құрылыс бірінші рет кездесіп отыр.
Жаңалықтар
0