Түркістан облысында көлік жылқыларға соғылды: бірнеше адам жарақат алды

© Photo : Polisia.kzоқиға орнынан сурет
оқиға орнынан сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында көлік жылқыларға соғылып, бірнеше адам жарақат алды.
Hyundai Elantra көлігінің жүргізушісі Түлкібас ауданына қарасты “Батыс Қытай – Батыс Еуропа” тас жолында жылқыларды қағып кетті.
Түркістан қаласы бағытынан Алматыға келе жатқан көлікке жолдың сол жағынан бірнеше жылқы шығып соқтығысқан. Салдарынан көлік жүргізушісі мен бір жолаушы ауруханаға түрлі дене жарақаттарымен жеткізілген.
Көлік ішінде төрт адам болған, оның біреуі кәмелет жасына толмаған бала. Соққы салдарынан үш жылқы өлді.
Адам шығыны жоқ, тек көлікке материалдық шығын келген.
Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалып, мал иелері іздестірілуде.
Жаңалықтар
0