Қазақстанда халықаралық армия ойындары басталды

© Sputnik / Абзал КалиевОткрытие VIII Армейских международных игр
Открытие VIII Армейских международных игр - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Бүгін, 13 тамызда тұңғыш президент атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде VIII Халықаралық армия ойындарының (ХАО) салтанатты ашылуы өтті.
"Еліміздің әскери полигондарында үш жарыс өтеді. Атап айтқанда, Гвардейский қала типіндегі елді мекенінде (Жамбыл облысы, Отардағы 40-шы әскери базасы) минометшілердің "Артиллериялық атыс шеберлері" жарысы өтеді. Ал "Меридиан" әскери топографтары Ақмола облысының Щучье қаласында жарысса, "Тактикалық мерген" әскери спорттық жарысы Қарағанды ​​облысының Спасск қаласында өтеді", - деп жазылған қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.
VIII халықаралық армия ойындары әлемнің көптеген елінде өтеді. Атап айтқанда, Әзербайжан, Алжир, Армения, Беларусь, Венесуэла, Вьетнам, Иран, Қытай, Моңғолия, Ресей, Сауд Арабиясы және Өзбекстанда да ұйымдастырылады.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан командасы Әзербайжандағы "Теңіз кубогі", Армениядағы "Әлем жауынгері", Ресейдегі "Танк биатлоны" және "Эльбрус сақинасы" атты жарыстарға да қатысады.
© Sputnik / Абзал КалиевVIII Халықаралық армия ойындары
Открытие VIII Армейских международных игр - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2022
VIII Халықаралық армия ойындары
Қазақстанда өтетін жарыстарға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Вьетнам, Зимбабве, Қытай, Қырғызстан, Мали, Никарагуа, Ресей, Сирия, Тәжікстан және Өзбекстанның әскери қызметшілері қатысады. Халықаралық армия ойындары 13-27 тамыз аралығында өтеді. Оның барысында 12 елдің аумағында 36 халықаралық жарыс өткізу жоспарланып отыр.
Халықаралық армия ойындары (ХАО) – іс-шараға қатысушы мемлекеттердің қарулы күштері бөлімшелері мен командаларының жыл сайынғы халықаралық кешенді жарыстары. Оның барысында әскери қызметшілер арасында жарыстардың әскери-қолданбалы түрлері бойынша халықаралық жарыстар өткізіледі.
Ойын жарыстарының барлық элементі қазіргі заманғы ірі қарулы қақтығыстар мен жергілікті соғыстарда әскерді пайдалану тәжірибесінен алынған. Халықаралық армия ойындары азаматтық спорт жүйесіне емес, қарулы күштердің өміріне, даладағы іс-қимылы мен жаттығуларына байланыстырылған.
Халықаралық армия ойындарын Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі ұйымдастырады. Өз аумағында жарыс (бірнеше жарыс) өткізуге ниет білдірген және Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігінен рұқсат алған мемлекеттер ойындардың бірлескен ұйымдастырушысы атанады.
Жаңалықтар
0