https://sputnik.kz/20220813/petropavlda-politseylerdin-mas-zhurgizushini-quyp-zhurip-ustagany-videoga-tusip-qaldy-26693156.html
Петропавлда полицейлердің мас жүргізушіні қуып жүріп ұстағаны видеоға түсіп қалды
Петропавлда полицейлердің мас жүргізушіні қуып жүріп ұстағаны видеоға түсіп қалды
Sputnik Қазақстан
Сот шешімімен жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынып, ол сегіз жылға жүргізуші куәлігінен айырылды 13.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-13T14:00+0500
2022-08-13T14:00+0500
2022-08-13T14:00+0500
жүргізуші
https://sputnik.kz/img/07e5/09/11/18156619_0:65:3413:1985_1920x0_80_0_0_bddfc1efe877c0bd66efe6abdda7b525.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Петропавлда полицейлер қаланың орталық көшелерімен мас жүргізушіні қуалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Әлеуметтік желіде қуғынның видеосы тарады. Жүргізуші жол ережесін өрескел бұзып, басқа жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қауіп төндіру арқылы патрульдік полициядан қашып құтылмақ болған."Полиция Партизанская мен Нұрсұлтан Назарбаев көшелерінің қиылысында артқы бампері жоқ "Toyota Corolla" көлігіне назар аударған. Мән-жайды анықтау барысында инспектор көлік жүргізушісінен алкоголь иісі шығып тұрғанын сезген. Содан ер адам патрульдік полиция экипажынан қашып құтылмақ болған", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.Ұзақ уақытқа созылған қуғын нәтижесінде 30 жастағы жүргізуші Жамбыл көшесі, 3-үйге қарсы бетте ұсталды. Жол ережесін бұзған азаматты ұстау кезінде жол қозғалысының басқа қатысушылары зардап шеккен жоқ. Жүргізуші медициналық тексеруден өтуден бас тартты. Көлік тәркіленіп, мамандандырылған автотұраққа қойылды."Жүргізушіге қатысты жол жүру ережесін бұзғаны үшін, оның ішінде полиция қызметкерінің көлікті тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жиналған әкімшілік материалдар амандандырылған әкімшілік сотқа жолданды", - деді полициядағылар.Сот шешімімен жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, ол сегіз жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/11/18156619_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_500b92ae4b6829bdb8b06d248538ce6e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүргізуші
Петропавлда полицейлердің мас жүргізушіні қуып жүріп ұстағаны видеоға түсіп қалды
Сот шешімімен жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынып, ол сегіз жылға жүргізуші куәлігінен айырылды
НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Петропавлда полицейлер қаланың орталық көшелерімен мас жүргізушіні қуалады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Әлеуметтік желіде қуғынның видеосы тарады. Жүргізуші жол ережесін өрескел бұзып, басқа жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қауіп төндіру арқылы патрульдік полициядан қашып құтылмақ болған.
"Полиция Партизанская мен Нұрсұлтан Назарбаев көшелерінің қиылысында артқы бампері жоқ "Toyota Corolla" көлігіне назар аударған. Мән-жайды анықтау барысында инспектор көлік жүргізушісінен алкоголь иісі шығып тұрғанын сезген. Содан ер адам патрульдік полиция экипажынан қашып құтылмақ болған", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Ұзақ уақытқа созылған қуғын нәтижесінде 30 жастағы жүргізуші Жамбыл көшесі, 3-үйге қарсы бетте ұсталды. Жол ережесін бұзған азаматты ұстау кезінде жол қозғалысының басқа қатысушылары зардап шеккен жоқ. Жүргізуші медициналық тексеруден өтуден бас тартты. Көлік тәркіленіп, мамандандырылған автотұраққа қойылды.
"Жүргізушіге қатысты жол жүру ережесін бұзғаны үшін, оның ішінде полиция қызметкерінің көлікті тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жиналған әкімшілік материалдар амандандырылған әкімшілік сотқа жолданды", - деді полициядағылар.
Сот шешімімен жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, ол сегіз жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.