Мектепке дайындық: 150 мыңға жуық отбасы мемлекеттен қаржылай көмек алды
18:46 13.08.2022 (жаңартылды: 12:17 09.08.2023)
© Sputnik / Абзал КалиевТенге, монеты
© Sputnik / Абзал Калиев
Жазылу
Бұған дейін мұның барлығын әкімдіктер сатып алып, тауардың өлшемі мен сапасына байланысты мәселелер туындайтын.
НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Қазақстанда әлеуметтік осал санаттағы 440 мыңнан астам бала мектепке дайындық үшін мемлекеттен қаржылай қолдау алады.
Бүгінге дейін 150 мыңға жуық отбасы осындай материалдық көмек алды.
Биылдан бастап оқу-ағарту министрлігі материалдық көмек көрсету ережелеріне өзгерістер енгізді. Осылайша өңірлерде бұрын бөлінген сома 17-ден 40 мыңға дейін болса, биыл бұл сома өсіп, кем дегенде 37 389 теңгені құрап отыр.
Сондай-ақ көмек көрсету механизміне де өзгерістер енгізілді. Енді ата мектеп формасы, аяқ киім, кеңсе тауарларын аналар балаларымен бірге өз бетінше таңдай алуы үшін ақша карта шотына аударылады.
Бұған дейін мұның барлығын әкімдіктер сатып алып, тауардың өлшемі мен сапасына байланысты мәселелер туындайтын.
Еске салсақ, "Жалпыға міндетті білім беру" қорының аясында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ АӘК алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсетіледі.
Сондай-ақ жаңа оқу жылы қарсаңында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайға тап болған оқушылар және т.б. материалдық көмек алады.
"Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері көпбалалы аналармен бірнеше рет кездесіп, әкімдіктермен мәселелерді талқылап, олардың тілектерін ескере отырып, әлеуметтік осал балаларға көмек көрсету ережелерін өзгертуге бастама жасады. Ата-аналардың шотына ақша тікелей түсіп, мектеп формасын, кеңсе тауарларын және балаларға арналған аяқ киімді өз бетінше таңдай алуы үшін заңнамаға түзетулер енгіздік. Мұның артықшылығы – бала ата-анасымен бірге өзі таңдаған киіммен мектепке бара алады. Бұған дейін сатып алумен әкімдіктердің қызметкерлері айналысатын. Осыған байланысты жыл сайын киімнің көлеміне, сапасына қатысты мәселелер туындап, балалар онымен жүруге ұялатын", - деді оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев.
"Әкімдіктер 37 389 теңге көлемінде ата-аналарға ақшаны аудары белсенді жүргізіп жатыр. Бұл ең төменгі сома, ал бұрын оның көлемі әртүрлі болды - 17 мың, 20 мың және 25 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін еді. Кейбір әкімдіктер белгіленген сомадан көп ақша аударып жатыр. Мысалы, Алматы 43 мың теңгеден аударуды жөн көрді. Осындай қаржылай көмек алуы тиісті 440 мыңнан астам отбасының ішінде қазір 150 мыңға жуық отбасы ақшаны алды. Басқа қаражат 20 тамызға дейін карта шотына түсуі керек", - деді Дулат Жекебаев.