https://sputnik.kz/20220813/kinologiya-qyzmeti-seysmologiya-institutynyn-zertkhanasymen-birge-zhumys-isteydi-26690763.html
Кинология қызметі сейсмология институтының зертханасымен бірге жұмыс істейді
Кинология қызметі сейсмология институтының зертханасымен бірге жұмыс істейді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Қазақстан ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының (РЖҚЖ) кинологиялық қызметі жануарлардың әдеттен тыс (аномальды)... 13.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-13T11:31+0500
2022-08-13T11:31+0500
2022-08-13T11:32+0500
зертхана
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0d/26689437_0:151:1600:1051_1920x0_80_0_0_bf04d38ac06d0f5fe506e1bf3696da4a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Қазақстан ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының (РЖҚЖ) кинологиялық қызметі жануарлардың әдеттен тыс (аномальды) мінез-құлқы туралы мәліметтерді Сейсмология институтының сейсмобиология зертханасына жолдауды жоспарлап отыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Осылайша, елімізде алғаш рет қызметтік иттердің тәртібін бақылау әдістемесі құрылады.Сейсмология институтының сейсмобиология зертханасының қызметкерлері республикалық жедел-құтқару жасағында болып, қызметтік иттерді күтіп-бағу жағдайымен және оларға көрсетілетін күтімнің ерекшеліктерімен танысты. Кездесу барысында қолданыстағы әдістер негізінде сейсмобиомониторингке арналған қызметтік иттерді визуалды бақылау енгізу мүмкіндіктері талқыланды.Иттерді бақылауға арналған мұндай әдіс осы уақытқа дейін болмағандықтан, сейсмобиология зертханасының қызметкерлері қазір РЖҚЖ кинология қызметінің қызметтік иттерін эксперименттік бақылауға арналған нұсқаулықтарды әзірлеп жатыр.Республикалық жедел-құтқару жасағы негізінен адам өздігінен жетуі қиын аудандарда, күрделілігі жоғары нысандарда іздеу-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, табиғи апат, төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету, аумақта және одан тыс жерлерде құтқару жұмыстарын жүргізуге жасақтың тұрақты дайындығын қамтамасыз етумен айналысады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0d/26689437_0:0:1600:1200_1920x0_80_0_0_2903d3d2ec40b00661e527dfbaf76391.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зертхана
НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Қазақстан ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының (РЖҚЖ) кинологиялық қызметі жануарлардың әдеттен тыс (аномальды) мінез-құлқы туралы мәліметтерді Сейсмология институтының сейсмобиология зертханасына жолдауды жоспарлап отыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Осылайша, елімізде алғаш рет қызметтік иттердің тәртібін бақылау әдістемесі құрылады.
Сейсмология институтының сейсмобиология зертханасының қызметкерлері республикалық жедел-құтқару жасағында болып, қызметтік иттерді күтіп-бағу жағдайымен және оларға көрсетілетін күтімнің ерекшеліктерімен танысты. Кездесу барысында қолданыстағы әдістер негізінде сейсмобиомониторингке арналған қызметтік иттерді визуалды бақылау енгізу мүмкіндіктері талқыланды.
Иттерді бақылауға арналған мұндай әдіс осы уақытқа дейін болмағандықтан, сейсмобиология зертханасының қызметкерлері қазір РЖҚЖ кинология қызметінің қызметтік иттерін эксперименттік бақылауға арналған нұсқаулықтарды әзірлеп жатыр.
Республикалық жедел-құтқару жасағы негізінен адам өздігінен жетуі қиын аудандарда, күрделілігі жоғары нысандарда іздеу-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, табиғи апат, төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету, аумақта және одан тыс жерлерде құтқару жұмыстарын жүргізуге жасақтың тұрақты дайындығын қамтамасыз етумен айналысады.