https://sputnik.kz/20220813/akimdikter-talapkerler-grant-26697585.html
Әкімдіктер талапкерлерге 3 мыңға жуық грант бөлді
Әкімдіктер талапкерлерге 3 мыңға жуық грант бөлді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Қазақстанда қосымша үш мыңға жуық әкімдік гранты бөлінді. 13.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-13T19:36+0500
2022-08-13T19:36+0500
2022-08-13T19:36+0500
білім гранттары
https://sputnik.kz/img/82/38/823868_0:160:2049:1312_1920x0_80_0_0_219d4d2ca4d48d99e3008418d268a248.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Қазақстанда қосымша үш мыңға жуық әкімдік гранты бөлінді. Әкімдіктер өңірлер үшін сұранысқа ие мамандықтарға гранттар бөледі. Ұлттық тестілеу орталығы грант саны туралы мәліметтерді жариялады. 10 тамызда әкімдердің гранттарына оқу орындарындағы қабылдау комиссияларында құжаттарды қабылдау басталды. Орталықтың мәліметі бойынша, педагогика, медицина және ауыл шаруашылығы саласы сияқты мамандықтар әлдеқайда жоғары сұранысқа ие. Ең көп грант Нұр-Сұлтанда бөлінді – 1193. Ең аз грант саны Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді – 15. Алматы, Шымкент және Түркістан облыстарының әкімдіктері қосымша гранттарға қаражат бөлмеген. Бұған дейін хабарлағандай, Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі алдағы оқу жылында бакалавриатқа түсу үшін 73 мыңға жуық грант бөлді. Білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға барлығы 80 мыңға жуық өтініш түскен. Бакалавриат гранттарына өтініштер қабылдау 13-22 шілде аралығында өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/82/38/823868_90:0:1913:1367_1920x0_80_0_0_460fad819bf0de7a35236242782ed48d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
білім гранттары
НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Қазақстанда қосымша үш мыңға жуық әкімдік гранты бөлінді.
Әкімдіктер өңірлер үшін сұранысқа ие мамандықтарға гранттар бөледі.
Ұлттық тестілеу орталығы грант саны туралы мәліметтерді жариялады.
10 тамызда әкімдердің гранттарына оқу орындарындағы қабылдау комиссияларында құжаттарды қабылдау басталды.
Орталықтың мәліметі бойынша, педагогика, медицина және ауыл шаруашылығы саласы сияқты мамандықтар әлдеқайда жоғары сұранысқа ие.
Ең көп грант Нұр-Сұлтанда бөлінді – 1193. Ең аз грант саны Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді – 15. Алматы, Шымкент және Түркістан облыстарының әкімдіктері қосымша гранттарға қаражат бөлмеген.
Бұған дейін хабарлағандай, Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі алдағы оқу жылында бакалавриатқа түсу үшін 73 мыңға жуық грант бөлді.
Білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға барлығы 80 мыңға жуық өтініш түскен. Бакалавриат гранттарына өтініштер қабылдау 13-22 шілде аралығында өтті.