https://sputnik.kz/20220812/zansyz-berilgen-5-mln-gektar-zher-memleketke-qaytarylady-26668550.html
Заңсыз берілген 5 млн гектар жер мемлекетке қайтарылады
Заңсыз берілген 5 млн гектар жер мемлекетке қайтарылады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі комиссия 1 млн 119 мың... 12.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-12T10:48+0500
2022-08-12T10:48+0500
2023-08-10T12:07+0500
ауыл шаруашылығы министрлігі
жер туралы заң
https://sputnik.kz/img/old/881/18/8811841_0:314:3083:2048_1920x0_80_0_0_52dbd0019fcd230afec2abf6ed20f529.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі комиссия 1 млн 119 мың га жерді мемлекетке қайтарды, деп хабарлайда ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.Премьер-пинистрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау және қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері туралы есеп берді. Оның айтуынша, жыл басынан бері және 10 тамыздағы жағдай бойынша комиссия 1 млн 119 мың га жерді мемлекетке қайтарды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп. Былтыр көрсеткіш 400 мың га. көрсеткен болатын.Бұдан бөлек, жыл басынан бері ведомство жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелері әкімдіктердің учаскелерді заңнама талаптарын бұза отырып берген 74 фактіні анықталды."Сонымен қатар, мал жаю үшін 16 млн га көлемінде жайылымдардың жетіспеушілігі байқалады, бұл жағдай мал басының қысқаруына және ауылдағы әлеуметтік наразылықтың өсуіне алып келеді", - деп толықтырды Ербол Қарашөкеев.Жалпы, комиссия 7,45 млн га алаңда 2584 субъектіге қатысты тексеру жүргізуді жоспарлап отыр, оның ішінде – 585,2 мың га егістік пен 6,86 млн га жайылым жер бар.2022 жылы 9 тамызда Қазақстан президенті жер заңнамасының сақталуына тексеру жүргізуге мораторийдің күшін жоюды көздейтін Жарлыққа қол қойғаны белгілі.Биылғы жылдың соңына дейін мемлекет меншігіне пайдаланылмай жатқан және қолданыстағы заңнаманы бұза отырып берілген 5 млн гектарға дейін ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспарлап отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/881/18/8811841_352:0:3083:2048_1920x0_80_0_0_348c8ea227007912b363568a9e85d905.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы министрлігі, жер туралы заң
ауыл шаруашылығы министрлігі, жер туралы заң
НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі комиссия 1 млн 119 мың га жерді мемлекетке қайтарды, деп хабарлайда ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Премьер-пинистрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау және қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері туралы есеп берді. Оның айтуынша, жыл басынан бері және 10 тамыздағы жағдай бойынша комиссия 1 млн 119 мың га жерді мемлекетке қайтарды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп. Былтыр көрсеткіш 400 мың га. көрсеткен болатын.
"Қазіргі уақытта 2 млн 94 мың га алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 724 жоспардан тыс тексеру жүргізілуде, прокуратура органдарында 698,4 мың га жерді тексеру бойынша 48 өтініш тіркеу сатысында тұр", - деді министр.
Бұдан бөлек, жыл басынан бері ведомство жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелері әкімдіктердің учаскелерді заңнама талаптарын бұза отырып берген 74 фактіні анықталды.
"Сонымен қатар, мал жаю үшін 16 млн га көлемінде жайылымдардың жетіспеушілігі байқалады, бұл жағдай мал басының қысқаруына және ауылдағы әлеуметтік наразылықтың өсуіне алып келеді", - деп толықтырды Ербол Қарашөкеев.
Жалпы, комиссия 7,45 млн га алаңда 2584 субъектіге қатысты тексеру жүргізуді жоспарлап отыр, оның ішінде – 585,2 мың га егістік пен 6,86 млн га жайылым жер бар.
2022 жылы 9 тамызда Қазақстан президенті жер заңнамасының сақталуына тексеру жүргізуге мораторийдің күшін жоюды көздейтін Жарлыққа қол қойғаны белгілі.
Биылғы жылдың соңына дейін мемлекет меншігіне пайдаланылмай жатқан және қолданыстағы заңнаманы бұза отырып берілген 5 млн гектарға дейін ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспарлап отыр.