Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина астығы қайда кетіп жатыр

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуПшеница
Пшеница - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2022
Жазылу
Әлемнің ең кедей аймақтарындағы аштық мәселесін шешуге тиіс украин астығы мен күнбағыс майы тиелген кемелер бай Еуропаға жіберілетіні белгілі болды
Sputnik құрғақ жүк таситын кемелердің жолын зерттеп, "гуманитарлық" жүктердің қайда кетіп жатқанын және жаһандық азық-түлік дағдарысына түптеп келгенде кім кінәлі екенін анықтады.

Еуропа мен БҰҰ Африканы аштықтан қалай "құтқарды"

Арнайы әскери операция басталғалы санкциялардан кейін Ресейге әлемдік аштық қаупін тудырды деген айыптау тағылды. Мәскеуді "астық соғысын тудырды", "астық ұрлады" және Украинадағы жаңа аштыққа себепкер әрі украин порттарын қоршауға алды деп айыптады. Макрон мен Шольц Одесса мен Черноморсктен астық жеткізбесе, Африка елдерінде аштық, ауру және соғыс басталатыны туралы жарыса мәлімдеді.
"Біз бұл кедей елдерді жалғыз қалдырмаймыз, біз оларды міндетті түрде қолдаймыз", - деп уәде берді Германия канцлері.
БҰҰ бұл мәлімдемелердің барлығына қолдау білдірді. Ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерриш мамырда 43 елдің тұрғындарына "аштық қаупі төніп тұрғанын" және Ауғанстанда, Сирияда және Йеменде миллиондаған адам қазірдің өзінде-ақ азық-түлік тапшылығын бастан кешіріп жатқанын хабарлады. БҰҰ ұстанымына сәйкес, бұл проблеманы ресей-украин қақтығысы ушықтырып отыр.
Шілде айында Ресей, Украина, Түркия және БҰҰ "азық-түлік мәмілесін" жасады. Оған сәйкес, әскерилер Одесса мен Черноморсктен украин астығын экспорттауға кедергі жасамайды, бірлескен комиссия кемелерде қару-жарақ контрабандасы болмауын тексереді, ал БҰҰ ресейлік ауыл шаруашылығы өнімдерін әлемдік нарыққа шығаруға тосқауылды алып тастауға міндеттеледі.
Сол кезде мәселенің түйіні шешілгендей, ал кедей Африка елдері аштықтан аман қалғандай, Еуропаның Ресейді кінәлауға еш себебі жоқ секілді көрінген еді. Бірақ барлығы бұлай болмады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы украин жүгерісін теңіз арқылы экспорттауды "адамдарды аман алып қалатын астық қоры" деп атады. Бірақ олар нақты кім екенін айтпады.
Бүгінде аштыққа ұшыраған елдерге – Йеменге, Сомалиге немесе Эфиопияға украин азық-түлігі тиелген бірде-бір жүк кемесі барған жоқ. Одесса мен Черноморсктен шыққан кеменің көбі Еуропаға аттанды.
1-11 тамыз аралығында Украина порттарынан шыққан 12 жүк кемесінің екеуі ғана Ливан мен Мысырға бет алған. Бірақ "аса мұқтаж" ливандық жеткізуші Razoni жүк кемесі тасымалдаған алғашқы жүктен бас тартты. Енді Ресей тосқауыл жасады деп айыпталған астық Түркия жағалауында жаңа сатып алушыны күтіп тұр.
Бірақ кедей елдерді аштықтан құтқаратын астықтан бас тартпағандар да бар. Дәл қазір азық-түлік тиелген екі кеме Италия мен Грекияға аттанды, Хорватия мен Ирландия да май мен астықтан өз үлесін күтіп отыр, тіпті дәулетті Оңтүстік Корея да өз қажеттіліктері үшін 65 мың тонна жүгері сатып алды. Бірақ "гуманитарлық" рейстің басым бөлігі (үш жүк кемесі) Түркияға тиесілі екені белгілі болды.
Украинадан экспортталған 375 мың тонна азық-түліктің 217 мың тоннасын еуропалықтар сатып алды.
Астық жеткізу географиясындағы тағы бір қызықты факт – олардың бағыты бойынша БҰҰ деректеріндегі сәйкессіздіктер. Мысалы, бортында 13 мың тонна жүгері бар Rojen кемесі бастапқыда британдық Тиспортқа баруы керек еді.
© Photo : Скриншот веб-сайта Marine TrafficMarine Traffic мәліметі бойынша Rojen кемесінің тұрған жері
Местоположение судна Rojen по данным Marine Traffic - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2022
Marine Traffic мәліметі бойынша Rojen кемесінің тұрған жері
Алайда Черноморсктен шыққан соң ол бағытын өзгертіп, Италияның Равенна портына бет алды. Дәл қазір, Marine Traffic мәліметі бойынша, ол Адриатика теңізі арқылы жүзіп барады.
© Photo : Скриншот страницы веб-сайта Marine TrafficMarine Traffic мәліметіне сәйкес Mustafa Necati кемесінің тұрған жері
Местоположение судна Mustafa Necati в соответствии с данными Marine Traffic - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2022
Marine Traffic мәліметіне сәйкес Mustafa Necati кемесінің тұрған жері
Италияның орнына Хорватияға тонна күнбағыс майын жеткізген Mustafa Necati кемесі мен Қытайдың орнына Грецияға барған Star Helena жүк кемелеріне де қатысты дәл осындай оқиға туындады.
© Photo : Скриншот страницы веб-сайта Marine TrafficMarine Traffic мәліметіне сәйкесіStar Helena кемесінің тұрған жері
Местоположение сухогруза Star Helena в соответствии с данными Marine Traffic - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2022
Marine Traffic мәліметіне сәйкесіStar Helena кемесінің тұрған жері
Сатып алушылар соңғы сәтте "аукцион" өткізіп, Киевке өз бағаларын ұсына бастағанға ұқсайды. Себебі, Еуропа дүкендеріндегі нан бағасының қымбаттауы мен халықтың наразылығымен қалай да күресу керек болып тұр.

"БҰҰ саяси мәлімдеме жасады"

Мұның бәрі Біріккен Ұлттар Ұйымының саясилануы мен оның Батыстың мүдделерін қорғап отырғанын білдіреді. БҰҰ, Украина және АҚШ пен ЕО бастапқыдан-ақ аштыққа ұшыраған елдерге көмек көрсетуді жоспарламаған, деді Sputnik агенттігіне берген сұхбатында Ресей астық одағының президенті Аркадий Злочевский.
"Мен олар Африка елдеріне немесе нақты тұтынушыларға астық жеткізуге міндетті деген ешқандай міндеттемелерді, сондай келісімшартқа қол қойғанымды көрмедім. Кім ақша төлесе, соларға астық жеткізеді. Бұл белгілі мәселе", - деді сарапшы.
"Демек, Ауғанстандағы, Сириядағы және Ирактағы гуманитарлық апаттарға жауапты НАТО елдері басқа елдер қиналып отырған шақта тағы да өз пайдасын ойлаған болып тұр. Оның үстіне, олардың бұл әрекеттері Африка мен Азияның ең кедей аймақтарында ашаршылық қаупін одан әрі үдетті. Бірақ африкалықтардың аштыққа ұшырауына БҰҰ, ЕО және АҚШ Мәскеуді айыптауды жалғастыра беретіні белгілі", - деп жазды мақала авторы.
Жаңалықтар
0