"Тұлпар-Тальго" басшыларынан ақша талап еткендер ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевАқша ұстап тұрған адам
Ақша ұстап тұрған адам - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2022
Жазылу
Агенттіктің Нұр-Сұлтан қалалық департаменті заңбұзушылықты видеоға түсіріп алған
НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша учаскесінің бастығы мен оның орынбасары заңсыз ақша жинағаны үшін жұмыстан қуылды. Оған қоса, ірі көлемде айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, парамен ұсталған басшылар "Экспресс" филиалында жұмыс істеген. Екеуі өзіне қарасты учаске арқылы өткен "Тұлпар-Тальго" пойыздарын тексермегені үшін ақша талап еткен.
Агенттіктің Нұр-Сұлтан қалалық департаменті заңбұзушылықты видеоға түсіріп алған. Онда пойыз басшыларының ақша беріп жатқаны көрінеді. Біреуі қолма-қол берсе, енді біреуі үстелдің үстінде тұрған заттардың астына тығып отырған. Барлығы 27 эпизод анықталды.

"Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 6 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуге тиіс ", - дейді агенттік мамандары.

Ал "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамына қылмыстық құқықбұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізілді.
Доллары и тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2021
Оқиға
"116 млн теңге болған": желі қолданушылары пойызда тоналған қыздың әрекетін талқылап жатыр
Жаңалықтар
0