https://sputnik.kz/20220812/qymbat-dari-bala-26666442.html
Әлемдегі ең қымбат дәріден кейін Қазақстанда бір бала қайтыс болды
Әлемдегі ең қымбат дәріден кейін Қазақстанда бір бала қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Швейцарияның Novartis компаниясы Ресей мен Қазақстанда Zolgensma препаратымен жұлын бұлшықетінің семуін емдеу кезінде екі... 12.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-12T08:45+0500
2022-08-12T08:45+0500
2022-08-12T08:45+0500
дәрі-дәрмек
бала
https://sputnik.kz/img/112/86/1128685_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_a6ce9a84e0da8eba9f3d8edcb8e01861.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Швейцарияның Novartis компаниясы Ресей мен Қазақстанда Zolgensma препаратымен жұлын бұлшықетінің семуін емдеу кезінде екі баланың қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости. Zolgensma әлемдегі ең қымбат дәрі болып саналады. Бір дозаның бағасы 2 миллион доллардан асады. Рейтер агенттігі Novartis компаниясының мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, Ресей мен Қазақстандағы екі баланың өліміне не себеп болғанын да жазды. Zolgensma-ны еккеннен кейін бес-алты апта өтке соң, балаларда өткір бауыр жетіспеушілігі басталған. Соның салдарынан екеуі де көз жұмды. Жұлын бұлшықетінің семуі тұқым қуалайтын ауруларға жатады. Осы уақытқа дейін науқас балалар өмір бойы қымбат дәрілерді ішіп келген. Алайда олардың 50 проценті екі жасқа да жетпей, қайтыс болады. Ал "Zolgensma" препаратының бір дозасы ауруды тоқтатады. Оның құрамында SMN1 генінің көшірмесі бар. Ол адам ағзасындағы кемістігі бар генді алмастырады. Айта кетері, "Zolgensma" препаратын швейцариялық "Novartis" компаниясы шығарады. Бұл дәрі Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең қымбат препарат ретінде енген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/112/86/1128685_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_b45b7c172120f4fecff41f072292044d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрі-дәрмек, бала
Әлемдегі ең қымбат дәріден кейін Қазақстанда бір бала қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Швейцарияның Novartis компаниясы Ресей мен Қазақстанда Zolgensma препаратымен жұлын бұлшықетінің семуін емдеу кезінде екі баланың қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлады
РИА Новости.
Zolgensma әлемдегі ең қымбат дәрі болып саналады. Бір дозаның бағасы 2 миллион доллардан асады.
Рейтер агенттігі Novartis компаниясының мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, Ресей мен Қазақстандағы екі баланың өліміне не себеп болғанын да жазды. Zolgensma-ны еккеннен кейін бес-алты апта өтке соң, балаларда өткір бауыр жетіспеушілігі басталған. Соның салдарынан екеуі де көз жұмды.
Жұлын бұлшықетінің семуі тұқым қуалайтын ауруларға жатады. Осы уақытқа дейін науқас балалар өмір бойы қымбат дәрілерді ішіп келген. Алайда олардың 50 проценті екі жасқа да жетпей, қайтыс болады.
Ал "Zolgensma" препаратының бір дозасы ауруды тоқтатады. Оның құрамында SMN1 генінің көшірмесі бар. Ол адам ағзасындағы кемістігі бар генді алмастырады.
Айта кетері, "Zolgensma" препаратын швейцариялық "Novartis" компаниясы шығарады. Бұл дәрі Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең қымбат препарат ретінде енген.