Қоғам белсенділері Өскемен әкімдігін сотқа берді

Усть-Каменогорск. - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2022
Жазылу
Экологтардың айтуынша, облыс орталығында тарихи радиациялық ластанудың тағы сегіз нүктесі бар
НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Қаланың экологиялық ахуалына алаңдаған қоғам белсенділері Өскемен әкімдігін сотқа берді, деп хабарлайды жергілікті Алтайньюс сайты.
Олар радиоактивті аймақтарды оқшуалау және арнайы белгі орнату мәселесіне назар аударуды талап етіп отыр.
Өскеменде осындай 500-ден астам учаске анықталды. Өткен ғасырдың 40-шы жылдарында мұнда металлургиялық өндіріс орындарының, соның ішінде уран байыту фабрикасынан шыққан қалдықтары үйіндісі болған. Ластанған учаскелер содан қалған "мұра"
Ластанған топырақтың бір бөлігі Курчатов қаласындағы арнайы қоймаға апарып тасталды. Алайда, бұл іс соңына дейін жеткізілмеген, дейді белсенділер.
Экологтардың айтуынша, облыс орталығында тарихи радиациялық ластанудың тағы сегіз нүктесі бар. Жаңа экологиялық кодекстің нормалары бойынша, енді бұл мәселенің шешілуіне қала билігі жауап беруге тиіс.
Қаланың экологиялық мәселелерін шешуге 20 млрд теңге қарастырылған. Бірақ бірінші кезектегі жұмыстар тізіміне радиоактивті дақтармен күрес енбеген.
Жаңалықтар
0