"Қазақстан халқына" қоры білім беру грантының санын көбейтті

CC0 / vidhyarthidarpan / Студенты на занятиях
Студенты на занятиях  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2022
Жазылу
НовостиTelegram
НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. "Қазақстан халқына" қоры "Қазақстан халқына" білім беру гранттары" қайырымдылық бағдарламасы бойынша гранттар санын көбейту туралы шешім қабылдады.
Бакалавриат бағдарламалары бойынша студенттер мен талапкерлерге барлығы 2 350 грант бөлінеді, ал шәкіртақының белгіленген мөлшері – 40 мың теңге. Бастапқы кезде 360 грант бөлу жоспарланған болатын, бірақ өтініштер санының көп болуына байланысты гранттар саны көбейтілді.
Білім беру грантына үміткерлерді іріктеу критерийлерімен қордың сайтында танысуға болады: qazaqstanhalqyna.kz.
"Қазақстан халқына" ҚҚ білім беру гранттары" қайырымдылық бағдарламасын іске асыру шеңберінде талапкерлер мен студенттерден гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталды.
Талапкерлер үшін білім беру гранттары мен шәкіртақыларының саны әрбір жоғары оқу орнына мен жоғар оқу орнынан кейін білім беру ұйымдарына 10 грантқа дейін, ұлттық жоғары оқу орнына мен жоғар оқу орнынан кейін білім беру ұйымдары үшін 20 грантқа дейін көбейтілді.
Қордың 2022-2023 оқу жылының талапкерлеріне арналған білім беру гранттары мен стипендияларының жалпы саны – 850.
Қор бакалавриат бағдарламалары бойынша мемлекеттік немесе өзге қандай да бір грант алмаған келесі санаттың:
ауылдық жерлердің аз қамтылған отбасыларының талапкерлері;
жетім балаларға жататын және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған талапкерлері;
мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедектігі бар талапкерлері үшін жоғары білім алу үшін шәкіртақысы бар гранттар ұсынады.
Бұл гранттар ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша жоғары оқу орнына түсу үшін қажетті өту балын жинаған талапкерлерге берілетінін атап өту қажет.
"Қазақстан халқына" ҚҚ білім беру грантына үміткерлер (талапкерлер) таңдалған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының қабылдау комиссиясына 2022 жылғы 10-17 тамыз аралығында өтінім береді.
Өтініш туралы толық ақпаратты мына жерден біле аласыз.
Жаңалықтар
0