Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

© Sputnik / Виктор ТолочкоМигалки на полицейской машине
Мигалки на полицейской машине - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысында көлік апатынан 3 адам қаза тапты.
Қайғылы оқиға бүгін түнде Балқаш – Гүлшат тасжолында болған. 65 жастағы Subaru автокөлігінің жүргізушісі жолдағы ескерту белгілерін ескермей, жолдың жөнделіп жатқан бағытына қарай шығып кеткен.   
Салдарынан сол жерде жол жөндеп жатқан 47 жастағы азамат рөлде отырған Shacman жүк көлігімен соқтығысқан.   
Жол апатынан Subaru автокөлігінің жүргізушісі және оның 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Жаңалықтар
0