Елордадағы айналма жолдан бірнеше атыс қаруы табылды

© Ішгкі істер министрлігіЕлордадағы айналма жолдан атыс қаруы табылды
Елордадағы айналма жолдан атыс қаруы табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2022
Жазылу
Екі қару да атуға жарамды
НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Құқық қорғау органдары елордадағы айналма жолдан атыс қаруларын тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
11 тамыз күні сағат 17:10-да елордалық полиция қызметкерлері “Алматы – Екатеринбург” тас жолы бойынан 900 метр қашықтықта шөптердің арасына жасырылған қару тапты.
Тексеру кезінде қолдан атуға арнап жасалған, оқсыз атылатын Калашников автоматы және қолдан атуға арнап жасалған, 9 мм калибрлі 7 патроны бар “МР-371” сигналды тапаншасы табылды. Екі қару да атуға жарамды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Жаңалықтар
0