Денсаулық

Балаларды 7 жастан бастап COVID-ке қарсы вакциналау қарастырылып жатыр

© AFP 2024 / STRВакцина, бала
Вакцина, бала - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2022
Жазылу
Министрлік әлемнің түрлі елінде қолданылып келе жатқан тәжірибені мұқият зерттеп жатқанын хабарлады
АЛМАТЫ, 12 тамыз — Sputnik. Балаларды 7 жастан бастап COVID-ке қарсы вакциналау қарастырылып жатыр. Бұл туралы "Астана медицина университеті" балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс балалар жұқпалы аурулар жөніндегі бас маманы Динагүл Баешева айтты.
Баешеваның айтуынша, министрлік әлемнің түрлі елінде қолданылып келе жатқан тәжірибені мұқият зерттеп жатыр.
"Біздің клиникалық хаттамаларымыз бен басқа да инновацияларымыз әрқашан дәлелдемелік базаға, халықаралық ұсыныстарға негізделгенін білесіздер. Алғашқы ұсыныстар пайда болғаннан кейін бұл мәселені дереу қарастырамыз. Бүгінде біз осы құжаттардың барлығын зерттеп жатырмыз", - деді Данагүл Баешева орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында.
Еске салсақ, бүгінде Қазақстанда балалар 12 жастан бастап коронавирусқа қарсы вакцина алуға мүмкіндігі бар.
Былтыр қараша айында АҚШ-та балалар бес жастан он бір жасқа дейін Pfizer вакцинасын алды. Канада да дәл осындай шешім қабылдаған еді.
Ажар Гиният  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2022
"Бір күнде 4 мың науқас болады": денсаулық министрі коронавирустың таралуына болжам жасады
Жаңалықтар
0