https://sputnik.kz/20220812/azhesin-oltirip-uyin-ortep-zhibergen-sot-26671647.html
Әжесін өлтіріп, үйін өртеп жіберген: Алматыда 18 жастағы жігітке үкім шығарылды
Әжесін өлтіріп, үйін өртеп жіберген: Алматыда 18 жастағы жігітке үкім шығарылды
Sputnik Қазақстан
Ол 12 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды 12.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-12T12:05+0500
2022-08-12T12:05+0500
2022-08-12T12:05+0500
алматы
қылмыстық іс
https://sputnik.kz/img/13/42/134247_0:0:5184:2916_1920x0_80_0_0_8f000a70c026ea07b99e38d725176496.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Алматыда әжесін өлітірі, үйін өртеген 18 жастағы жігітке қатысты үкім шығарылды.Алматы қалалық прокуратурасының мәліметінше, 2020 жылдың 9 қарашасында Алматы қаласы Медеу ауданы шағын аудандарының бірінде болған өрттен кейін қарт әйелдің өртенген мәйіті табылған.Жүргізілген сот-медициналық сараптама әйелдің өлімі жүрек - тамыр және тыныс алу жеткіліксіздігінің салдарынан болғанын көрсетті.Өрттің себебі сараптамасының қорытындысына сәйкес электр сымы ның апатты жағдайдаынан шыққан.Аталған сот сараптамаларының нәтижелерін ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған болатын.Алайда кеін қылмыстық іс материалдарын зерделеу, қайтыс болған адамның туыстарының уәждерін бағалау нәтижелері бойынша Медеу ауданының прокуратурасы іс бойынша іс жүргізуді қайта бастады.Қайтыс болған адамның 18 жастағы немересі қасақана кісі өлтірді деген күдікке ілінді. Ол сол күні отбасылық жанжалдың салдарынан дене жарақатын алып, содан кейін әжесін өлтіргенін айтып, мойындады. Үйде болған ақша мен зергерлік бұйымдарды иемденіп, қылмыстың іздерін жасыру үшін ол әдейі өрт шығарған.Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы кісі өлтіргені, сондай-ақ мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, 12 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/13/42/134247_576:0:5184:3456_1920x0_80_0_0_2762b93eee029cf1b00ca4bfe38dc552.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, қылмыстық іс
Әжесін өлтіріп, үйін өртеп жіберген: Алматыда 18 жастағы жігітке үкім шығарылды
Ол 12 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды
НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Алматыда әжесін өлітірі, үйін өртеген 18 жастағы жігітке қатысты үкім шығарылды.
Алматы қалалық прокуратурасының мәліметінше, 2020 жылдың 9 қарашасында Алматы қаласы Медеу ауданы шағын аудандарының бірінде болған өрттен кейін қарт әйелдің өртенген мәйіті табылған.
Жүргізілген сот-медициналық сараптама әйелдің өлімі жүрек - тамыр және тыныс алу жеткіліксіздігінің салдарынан болғанын көрсетті.
Өрттің себебі сараптамасының қорытындысына сәйкес электр сымы ның апатты жағдайдаынан шыққан.
Аталған сот сараптамаларының нәтижелерін ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған болатын.
Алайда кеін қылмыстық іс материалдарын зерделеу, қайтыс болған адамның туыстарының уәждерін бағалау нәтижелері бойынша Медеу ауданының прокуратурасы іс бойынша іс жүргізуді қайта бастады.
"Қадағалау органының нұсқауы бойынша мәйітті эксгумациялау жүргізілді және комиссиялық сот-медициналық сараптама тағайындалды, бірқатар басқа тергеу әрекеттері жүргізілді. Қосымша сараптаманың қорытындысы бойынша өлімнің себебі мойынның механикалық асфиксия (қылғындыру) болғандығы анықталды", - делінген прокуратура хабарламасында.
Қайтыс болған адамның 18 жастағы немересі қасақана кісі өлтірді деген күдікке ілінді. Ол сол күні отбасылық жанжалдың салдарынан дене жарақатын алып, содан кейін әжесін өлтіргенін айтып, мойындады. Үйде болған ақша мен зергерлік бұйымдарды иемденіп, қылмыстың іздерін жасыру үшін ол әдейі өрт шығарған.
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы кісі өлтіргені, сондай-ақ мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, 12 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.