https://sputnik.kz/20220812/almaty-mas-avtobus-zhurgizushisi-26668240.html
Алматыда мас күйінде рөлге отырған автобус жүргізушісі ұсталды
Алматыда мас күйінде рөлге отырған автобус жүргізушісі ұсталды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Алматыда автобус жүргізушісі есірткіге мас күйінде жолаушыларды тасымалдаған, деп хабарлайды Polisia.kz. 12.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-12T21:57+0500
2022-08-12T21:57+0500
2022-08-12T21:57+0500
өңірлер
алматы
автобус
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1e/25849901_0:69:3136:1833_1920x0_80_0_0_4e578180edbc1cbc923589d359c8353d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Алматыда автобус жүргізушісі есірткіге мас күйінде жолаушыларды тасымалдаған, деп хабарлайды Polisia.kz. 118-ші бағыттағы қоғамдық көлік жүргізушісі полиция назарына ілікті.Оны Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің қызметкерлері тоқтатты."Жүргізушінің әрекеті күдік туғызды. Оны медициналық тексеруден өткізу үшін ертіп барды, сараптама қорытындысы бойынша нарколог-дәрігерлер оның есірткіге мас болғанын анықтады. Жүргізуші бірден қоғамдық көлікті басқарудан шеттетілді", - делінген ақпаратта. Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ер адам 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, сонымен қатар 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Қоғамдық көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1e/25849901_565:0:3136:1928_1920x0_80_0_0_385391b9197970648173f0c7f777755e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, автобус
НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Алматыда автобус жүргізушісі есірткіге мас күйінде жолаушыларды тасымалдаған, деп хабарлайды Polisia.kz.
118-ші бағыттағы қоғамдық көлік жүргізушісі полиция назарына ілікті.
Оны Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің қызметкерлері тоқтатты.
"Жүргізушінің әрекеті күдік туғызды. Оны медициналық тексеруден өткізу үшін ертіп барды, сараптама қорытындысы бойынша нарколог-дәрігерлер оның есірткіге мас болғанын анықтады. Жүргізуші бірден қоғамдық көлікті басқарудан шеттетілді", - делінген ақпаратта.
Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ер адам 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, сонымен қатар 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Қоғамдық көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.