https://sputnik.kz/20220812/almaty-alypsatar-eki-zhylga-sottaldy-26667928.html
Алматыда тағы бір алыпсатар екі жылға сотталды
Алматыда тағы бір алыпсатар екі жылға сотталды
Sputnik Қазақстан
Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған шартты түрде рақымшылық қолдану арқылы 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды 12.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-12T10:15+0500
2022-08-12T10:15+0500
2023-08-09T12:45+0500
алматы
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Алматы қаласында "AA Trade Company" ЖШС басшысына қатысты сот үкімі шығарды. Ол аса ірі көлемде мұнай өнімдерін заңсыз сақтау және сату фактісі бойынша тергеуге алынған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап. Тергеу материалдарына сәйкес, фирма директоры 14,6 миллион теңге тұратын 78 тонна дизель отынын сатып алып, үстемеақымен сатқысы келген. Бірақ тауардың шығу заңдылығын растайтын құжаттары болмады. Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған шартты түрде рақымшылық қолдану арқылы 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Айта кетері, бұған дейін Ақтөбе облысында шаруаларға арналған мыңдаған тонна арзан дизель отынын қымбат бағамен сату фактісі анықталды. Осы саладағы операторлардың бірі шаруаларға арзан дизель жеткізудің орнына алыпсатарлықпен айналысқан. Атап айтқанда, 2020-2021 жылдары жалпы көлемі 12,5 мың тоннадан астам төмендетілген бағамен дизель отынын алған ЖШС ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге бар болғаны 10,3 мың тоннасын жеткізген. Ал қалған 2,2 мың тонна көлемінде дизель отынын серіктестікке тиесілі жанар-жағармай құю станциялары желісі арқылы сатып, 74,4 миллион теңге көлемінде қосымша кіріс тапқан.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, сыбайлас жемқорлық
алматы, сыбайлас жемқорлық
Алматыда тағы бір алыпсатар екі жылға сотталды
10:15 12.08.2022 (жаңартылды: 12:45 09.08.2023) Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған шартты түрде рақымшылық қолдану арқылы 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Алматы қаласында "AA Trade Company" ЖШС басшысына қатысты сот үкімі шығарды. Ол аса ірі көлемде мұнай өнімдерін заңсыз сақтау және сату фактісі бойынша тергеуге алынған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Тергеу материалдарына сәйкес, фирма директоры 14,6 миллион теңге тұратын 78 тонна дизель отынын сатып алып, үстемеақымен сатқысы келген. Бірақ тауардың шығу заңдылығын растайтын құжаттары болмады.
Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған шартты түрде рақымшылық қолдану арқылы 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Айта кетері, бұған дейін Ақтөбе облысында шаруаларға арналған мыңдаған тонна арзан дизель отынын қымбат бағамен сату фактісі анықталды. Осы саладағы операторлардың бірі шаруаларға арзан дизель жеткізудің орнына алыпсатарлықпен айналысқан.
Атап айтқанда, 2020-2021 жылдары жалпы көлемі 12,5 мың тоннадан астам төмендетілген бағамен дизель отынын алған ЖШС ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге бар болғаны 10,3 мың тоннасын жеткізген.
Ал қалған 2,2 мың тонна көлемінде дизель отынын серіктестікке тиесілі жанар-жағармай құю станциялары желісі арқылы сатып, 74,4 миллион теңге көлемінде қосымша кіріс тапқан.