https://sputnik.kz/20220812/almaty-adamnyn-bet-beyne-kamera-26677736.html
Алматыда адамның бет-бейнесін танитын камералар орнатылады - талабы қандай
Алматыда адамның бет-бейнесін танитын камералар орнатылады - талабы қандай
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Алматы әкімдігі халық көп жиналатын жерде адамның бет-бейнесін анықтайтын бейнебақылау камераларын орнату ережелерін әзірледі... 12.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-12T15:04+0500
2022-08-12T15:04+0500
2022-08-12T15:04+0500
алматы
бейнекамера
https://sputnik.kz/img/1416/92/14169267_0:79:3363:1970_1920x0_80_0_0_04260d61f8caff88b14a3b37b9f87e8f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Алматы әкімдігі халық көп жиналатын жерде адамның бет-бейнесін анықтайтын бейнебақылау камераларын орнату ережелерін әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Ашық НҚА" сайтында талқылауға шығарылған құжатқа сәйкес, адамның бет-бейнесін тани алатын бейнекамералар, шамамен, 2,2 метр биіктікте орнатылады. Ондай камераны мүмкіндігінше төмен орнату ұсынылып отыр. Сонда адамның бет-бейнесі анық түседі. Сондай-ақ, адамдардың жасырыну мүмкіндігі барынша аз болатын ракурс таңдалады. Ал бетті тану үшін бейнекамераларға минималды техникалық талаптар қойылады. Олар: Бұдан бөлек, адамның бет-бейнесін тану тәртібі де жазылған. Негізгі талаптар: Ал суреттің өлшемі 200х200 пиксельден кем болмайды. Камераларды орнату кезінде үй-жайлардың иелерінен рұқсат алынады. Құжат 19 тамызға дейін талқылауға шығарылып отыр.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1416/92/14169267_315:0:3046:2048_1920x0_80_0_0_002bf23b3f1a1bc9c559b55293b381cc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, бейнекамера
Алматыда адамның бет-бейнесін танитын камералар орнатылады - талабы қандай
НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Алматы әкімдігі халық көп жиналатын жерде адамның бет-бейнесін анықтайтын бейнебақылау камераларын орнату ережелерін әзірледі, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
"Ашық НҚА" сайтында талқылауға шығарылған
құжатқа сәйкес, адамның бет-бейнесін тани алатын бейнекамералар, шамамен, 2,2 метр биіктікте орнатылады. Ондай камераны мүмкіндігінше төмен орнату ұсынылып отыр.
Сонда адамның бет-бейнесі анық түседі. Сондай-ақ, адамдардың жасырыну мүмкіндігі барынша аз болатын ракурс таңдалады. Ал бетті тану үшін бейнекамераларға минималды техникалық талаптар қойылады. Олар:
тәуелсіз параметрмен қос ағынды қолдау;
4 метрден тану дистанциясы кезінде – 1920х1080 пиксельден кем емес, ал 4 метрге дейін тану дистанциясы кезінде - 1280х720 пиксельден кем емес;
кадр жиілігі – секундына 25 кадр;
көшедегі бейнекамералар үшін - 45 градус +55 градус, ал іште орнатылатын бейнекамералар үшін 0-ден +55 градусқа дейін.
Бұдан бөлек, адамның бет-бейнесін тану тәртібі де жазылған. Негізгі талаптар:
бейнедегі тұлға алдыңғы қатарда тұруы;
бастың айналуы, қисаюы және ауытқуы кез-келген бағытта 5 градустан төмен болуы;
жарықтың бетіне біркелкі түсуі;
адам кескіннің кем дегенде 60 процентін алуы.
Ал суреттің өлшемі 200х200 пиксельден кем болмайды. Камераларды орнату кезінде үй-жайлардың иелерінен рұқсат алынады.
Құжат 19 тамызға дейін талқылауға шығарылып отыр.