https://sputnik.kz/20220811/zhambyl-oblysynyn-turgynynan-iri-kolemde-marikhuana-tarkilendi-26640750.html
Жамбыл облысының тұрғынынан ірі көлемде марихуана тәркіленді
Жамбыл облысының тұрғынынан ірі көлемде марихуана тәркіленді
Sputnik Қазақстан
Күдіктінің қылмысы дәлелденсе, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін 11.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-11T07:01+0500
2022-08-11T07:01+0500
2022-08-11T07:01+0500
жамбыл облысы
марихуана
есірткі
https://sputnik.kz/img/363/72/3637285_0:394:5400:3432_1920x0_80_0_0_bb6e2950d57621cb3cf5495f6a15a4f4.jpg
ПАВЛОДАР, 11 тамыз – Sputnik. Көлік полицейлері Жамбыл облысының тұрғынынан 45 келіден астам кептірілген марихуана тәркіледі, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ішкі істер министрлігі көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.4 тамызда "Қарасора-2022" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Шу стансасындағы теміржолдың тұйықталған басында 49 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында одан өзіндік иісі бар жасыл түсті зат салынған қап табылып, тәркілеп алынды.Ұсталған азаматтың үйінің ауласынан да өзіндік иісі бар өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл "кептірілген марихуана" болып шықты, жалпы салмағы 45 келі 340 гр.Ұсталған азамат бұған дейін осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір ол Шу аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.Ведомствоның мәліметінше, осы жылдың 1 маусымынан бастап "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында көлік полициясы қызметкерлері 60 есірткі қылмысын анықтады. 60 келіден астам есірткі заттары заңсыз айналымнан тәркіленді.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/363/72/3637285_372:0:4948:3432_1920x0_80_0_0_c020a11302c6a7359e6b25ba2d4c687f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, марихуана, есірткі
жамбыл облысы, марихуана, есірткі
Жамбыл облысының тұрғынынан ірі көлемде марихуана тәркіленді
Күдіктінің қылмысы дәлелденсе, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
ПАВЛОДАР, 11 тамыз – Sputnik. Көлік полицейлері Жамбыл облысының тұрғынынан 45 келіден астам кептірілген марихуана тәркіледі, деп хабарлады
Sputnik Қазақстанға ішкі істер министрлігі көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
4 тамызда "Қарасора-2022" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Шу стансасындағы теміржолдың тұйықталған басында 49 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында одан өзіндік иісі бар жасыл түсті зат салынған қап табылып, тәркілеп алынды.
Ұсталған азаматтың үйінің ауласынан да өзіндік иісі бар өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл "кептірілген марихуана" болып шықты, жалпы салмағы 45 келі 340 гр.
Ұсталған азамат бұған дейін осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір ол Шу аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ведомствоның мәліметінше, осы жылдың 1 маусымынан бастап "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында көлік полициясы қызметкерлері 60 есірткі қылмысын анықтады. 60 келіден астам есірткі заттары заңсыз айналымнан тәркіленді.