https://sputnik.kz/20220811/velosiped-bala-sal-26651525.html
"Әке, неге жүре алмаймын": велосипедтен құлаған баланың жарты денесі сал болып қалды
"Әке, неге жүре алмаймын": велосипедтен құлаған баланың жарты денесі сал болып қалды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Алматы қаласында велосипедпен бағанаға соғылған 10 жастағы баланың жарты денесі сал болып қалды. Ата-анасы білікті невропотолог... 11.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-11T13:12+0500
2022-08-11T13:12+0500
2022-08-11T16:22+0500
сал ауруы
велосипед
https://sputnik.kz/img/1088/80/10888071_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_e944b3ec1eb92e2b2ef5249616427f91.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Алматы қаласында велосипедпен бағанаға соғылған 10 жастағы баланың жарты денесі сал болып қалды. Ата-анасы білікті невропотолог дәрігерлерден көмек сұрап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Almaty TV арнасына сілтеме жасап.25 мамырда үшінші сыныпты бітірген Қаула Жұмағазы үйге келіп, түстен кейін велосипед теуіп кеткен. Далада қатты жылдамдықпен бағанаға соғылып, басын жарып алған. Оны жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізеді. Дәрігерлер төбе сүйек жағын тігіп, артынан үйіне жіберген. Бірақ баланың жағдайы жақсармаған.Содан баланы қайтадан дәрігерге алып барған. 15 күн талон күтіп, МРТ-ға түскен, невропотологқа да, жеке дәрігерге де жүгінген. Алайда диагнозын ешкім дұрыс түсіндіріп айта алмапты. Бірі басында қан ұйып, тарап кеткен десе, енді бірі ми тамырлары жарылуы мүмкін депті. Баланың беті бері қараудың орнына көз алдында кері кетіп барады. Қауланың өзі: "Маған не болған, әке. Мен жүре алмаймын ғой, не болған маған, әке", - деп қайта-қайта сұрайды.Ата-анасы Ана мен бала орталығынан да көмек сұраған. Бірақ ол әлі жауап келмепті."Балаға мықты невропотолог керек. Басында ісік бар ма, қан тамыры жарылды ма, миға қан құйылды ма, міне осыны анықтау қажет. Астанадан бола ма, Алматыдан бола ма мықты ауруханаға жатқызып, жедел ем қабылдау керек", – дейді Жұмағазы Баратбай.Жұмағазы отбасымен Алматыда 2019 жылдан бері тұрады. Содан бері 4 баласымен пәтер жалдап келеді. Құрылыстан тапқан нәпақасын бала-шағасына әрең жеткізеді. Енді отбасының елден көмек сұрағаннан басқа амалы жоқ. Қытайға барып емдетуді де ойлапты. Алайда қолда бар қаржысы жетпей тұр. Шетелге шығарып емдетуге кемінде 10-15 миллион теңге ақша керек екен.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1088/80/10888071_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_42bae99f47cf0c88896efa780bb4cc44.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сал ауруы, велосипед
"Әке, неге жүре алмаймын": велосипедтен құлаған баланың жарты денесі сал болып қалды
13:12 11.08.2022 (жаңартылды: 16:22 11.08.2022) НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Алматы қаласында велосипедпен бағанаға соғылған 10 жастағы баланың жарты денесі сал болып қалды. Ата-анасы білікті невропотолог дәрігерлерден көмек сұрап отыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Almaty TV арнасына
сілтеме жасап.
25 мамырда үшінші сыныпты бітірген Қаула Жұмағазы үйге келіп, түстен кейін велосипед теуіп кеткен. Далада қатты жылдамдықпен бағанаға соғылып, басын жарып алған. Оны жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізеді. Дәрігерлер төбе сүйек жағын тігіп, артынан үйіне жіберген. Бірақ баланың жағдайы жақсармаған.
"7-8 күннен кейін басының жібін алдырып, тағы кіріп сұрадық. Баланың жағдайы нашарлап тұр деп айттық. Енді ары қарай жақсы болады, басын ұрған оңай емес қой, жазылады деді. 10-15 күннен кейін бала өзгере бастады. Сөзден кетті. Тілі күрмеліп, сосын бір қол бір аяғын сүйрей бастады", – дейді әкесі Жұмағазы Баратбай.
Содан баланы қайтадан дәрігерге алып барған. 15 күн талон күтіп, МРТ-ға түскен, невропотологқа да, жеке дәрігерге де жүгінген. Алайда диагнозын ешкім дұрыс түсіндіріп айта алмапты. Бірі басында қан ұйып, тарап кеткен десе, енді бірі ми тамырлары жарылуы мүмкін депті. Баланың беті бері қараудың орнына көз алдында кері кетіп барады. Қауланың өзі: "Маған не болған, әке. Мен жүре алмаймын ғой, не болған маған, әке", - деп қайта-қайта сұрайды.
Ата-анасы Ана мен бала орталығынан да көмек сұраған. Бірақ ол әлі жауап келмепті.
"Балаға мықты невропотолог керек. Басында ісік бар ма, қан тамыры жарылды ма, миға қан құйылды ма, міне осыны анықтау қажет. Астанадан бола ма, Алматыдан бола ма мықты ауруханаға жатқызып, жедел ем қабылдау керек", – дейді Жұмағазы Баратбай.
Жұмағазы отбасымен Алматыда 2019 жылдан бері тұрады. Содан бері 4 баласымен пәтер жалдап келеді. Құрылыстан тапқан нәпақасын бала-шағасына әрең жеткізеді. Енді отбасының елден көмек сұрағаннан басқа амалы жоқ. Қытайға барып емдетуді де ойлапты. Алайда қолда бар қаржысы жетпей тұр. Шетелге шығарып емдетуге кемінде 10-15 миллион теңге ақша керек екен.