Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік ҚТЖ қызметіне талдау жүргізеді

© Photo : АО "НК "Қазақстан темір жолы" "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ ғимараты
Қазақстан темір жолы ҰК АҚ  ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға кіріседі.
Талдауды агенттіктің, ұлттық компанияның, мүдделі мемлекеттік органдардың мамандары және азаматтық қоғам өкілдері жүргізеді.
"Талдау барысында темір жол саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалу себептері мен жағдайлары зерделенеді, бұл ұлттық оператор қызметінің тиімділігіне, бұрын мемлекеттік бюджеттен және ұлттық қордан алынған қаражаттың жұмсалуына әсер етеді", - делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарламасында.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат және талданып отырған саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда abdrakhmanov.n@antikor.gov.kz электронды поштасына жіберуге болады.
Жаңалықтар
0