Сіріңкемен ойнаған: Ақмола облысында екі бала көз жұмды

© Photo : pixabay.comГорящий огонь спички. Иллюстративное фото
Горящий огонь спички. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Ақмола облысында жер үй өртеніп, екі қыз көз жұмды деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 11 тамызда Жақсы ауданының Жаңа Қима ауылында болған.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2017 және 2019 жылы туған бүлдіршіндер үйде сіріңкемен ойнаған. Ойыннан от шығып, үйдегі жиһаз өртене бастады.
Түтінді көрші үйдегі ер адам көріп, балаларды дереу сыртқа алып шықты. Олар ауылдық ауруханаға жеткізілді. Алайда сол жерде улы газдан қайтыс болды.
Өрт болған кезде балалардың анасы дүкенге кеткен. Ал әкесі жұмыста болды.
Жаңалықтар
0