https://sputnik.kz/20220811/sheteldik-kompaniya-qazaqstan-zholdary-26661420.html
Шетелдік компания Қазақстанның жолдарына ақша салуға ниет білдірді
Шетелдік компания Қазақстанның жолдарына ақша салуға ниет білдірді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Әлихан Смайылов ABG компаниясының басшысымен Қазақстанда ірі автожол жобаларын жүзеге асыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды... 11.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-11T18:21+0500
2022-08-11T18:21+0500
2022-08-11T18:21+0500
әлихан смайылов
жол
https://sputnik.kz/img/07e5/04/1e/16937459_122:0:3254:1762_1920x0_80_0_0_2f4573e45e4eba651896fcf88200e90d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Әлихан Смайылов ABG компаниясының басшысымен Қазақстанда ірі автожол жобаларын жүзеге асыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі. Әлихан Смайылов Al Badie Group for Trading and Investment (ABG) компаниясының бас директоры Халед Мохамед Аль Бадимен кездесу өткізді, онда автомобиль жолдарын салу саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды. ABG компаниясы еліміздегі ірі автожол жобаларын, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдарды жаңғыртуды қаржыландырып, оларды жүзеге асыруға ниет білдірді. Премьер-министр бүгінде араб инвесторларының Қазақстанға деген қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтті. Үкімет басшысының айтуынша, бұған таяуда мемлекет басшысының БАӘ- ге сапары ықпал етті. Өз кезегінде Халед Мохаммед Аль Абади ABG компаниясының әлемнің көптеген елдерінде ірі инфрақұрылымдық жобаларды табысты іске асыруда тәжірибесі бар екенін айтты. "Екі ел басшыларының белсенді өзара іс-қимылы, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамуы біздің Қазақстанға келуімізге себеп болды. Біз автожол жобаларын іске асыруды инвестициялауға мүдделіміз, сондықтан Қазақстан Үкіметімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істегіміз келеді", — деді Халед Мохамед Аль Бади. Кездесу қорытындысы бойынша премьер-министр компанияның ұсыныстарын тиісті мемлекеттік органдардың мұқият зерделеп, пысықтайтынын айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/1e/16937459_513:0:2862:1762_1920x0_80_0_0_1c63e06ad005a4ea9e7ddbbe9a966a61.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов, жол
НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Әлихан Смайылов ABG компаниясының басшысымен Қазақстанда ірі автожол жобаларын жүзеге асыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Әлихан Смайылов Al Badie Group for Trading and Investment (ABG) компаниясының бас директоры Халед Мохамед Аль Бадимен кездесу өткізді, онда автомобиль жолдарын салу саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.
ABG компаниясы еліміздегі ірі автожол жобаларын, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдарды жаңғыртуды қаржыландырып, оларды жүзеге асыруға ниет білдірді. Премьер-министр бүгінде араб инвесторларының Қазақстанға деген қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтті.
Үкімет басшысының айтуынша, бұған таяуда мемлекет басшысының БАӘ- ге сапары ықпал етті.
"Біз шетелдік серіктестердің әрбір ұсынысын жоғары бағалаймыз, сондай-ақ инвестицияларды қорғау және қолайлы іскерлік ахуалды қамтамасыз ету бойынша барлық міндеттемелерімізді орындаймыз", — деді Әлихан Смайылов.
Өз кезегінде Халед Мохаммед Аль Абади ABG компаниясының әлемнің көптеген елдерінде ірі инфрақұрылымдық жобаларды табысты іске асыруда тәжірибесі бар екенін айтты.
"Екі ел басшыларының белсенді өзара іс-қимылы, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамуы біздің Қазақстанға келуімізге себеп болды. Біз автожол жобаларын іске асыруды инвестициялауға мүдделіміз, сондықтан Қазақстан Үкіметімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істегіміз келеді", — деді Халед Мохамед Аль Бади.
Кездесу қорытындысы бойынша премьер-министр компанияның ұсыныстарын тиісті мемлекеттік органдардың мұқият зерделеп, пысықтайтынын айтты.