https://sputnik.kz/20220811/qazaqstanda-zhylqy-eti-17-ke-qymbattady-26650611.html
Қазақстанда жылқы еті 17%-ке қымбаттады
Қазақстанда жылқы еті 17%-ке қымбаттады
Sputnik Қазақстан
Жарты жылда жылқы саны 11%-ке өсті 11.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-11T12:00+0500
2022-08-11T12:00+0500
2022-08-11T12:00+0500
жылқы
ет
https://sputnik.kz/img/07e5/04/05/16701217_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_830023d96202dfed3d7e8771cd8617ba.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда тірідей салмақта 125 мың тонна жылқы сойылды немесе союға сатылды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,2%-ке артық.Сойыс салмағы бойынша 64,6 мың тонна жылқы сойылды, деп хабарлады Energyprom.kz.Жылқының басым бөлігі үш өңірде сойылды. Түркістан облысында тірідей салмақта – 14,5 мың тонна және сойыс салмағында – 7,5 мың тонна, Абай облысында сәйкесінше – 13,5 мың және 7,1 мың тонна, Ақтөбе облысында тірідей салмақта – 10,6 мың тонна және сойыс салмағында 5,5 мың тонна.Осы жылдың алты айында жылқы басы өткен жылмен салыстырғанда 10,6%-ке өскен. 1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде жалпы 4,1 миллион жылқы болды.Сондай-ақ қырылған жылқы саны жылына 5,2%-ке өсіп, 2,7 мың басқа дейін жетті. Көбіне Ақмола, Қостанай және Маңғыстау облыстарында мал арам өлген.Шілде айында жылқы етінің орташа бөлшек саудадағы бағасы бір килограмм үшін 2 900 теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,5%-ке жоғары."Солтүстік Қазақстан облысында баға қатты қымбаттаған: бір жылда 28,8%-ке өскен. Жылқы еті қымбаттаған өңірлердің үштігіне сондай-ақ Ақтөбе облысы мен Шымкент қаласы да енді. Ең аз жылдық баға өсімі Қызылорда облысында 4,5% деңгейінде тіркелді", - деп жазды Energyprom.Бір килограмм жылқы етінің ең жоғары бағасы (3,3 мың теңге) елордада тіркелсе, Қызылорда тұрғындары ең арзан (2,3 мың теңге) жылқы етін тұтынып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/05/16701217_100:0:1237:853_1920x0_80_0_0_7abacda398747477f5d72c9097676be8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылқы, ет
Қазақстанда жылқы еті 17%-ке қымбаттады
Жарты жылда жылқы саны 11%-ке өсті
НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда тірідей салмақта 125 мың тонна жылқы сойылды немесе союға сатылды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,2%-ке артық.
Сойыс салмағы бойынша 64,6 мың тонна жылқы сойылды, деп хабарлады
Energyprom.kz.Жылқының басым бөлігі үш өңірде сойылды. Түркістан облысында тірідей салмақта – 14,5 мың тонна және сойыс салмағында – 7,5 мың тонна, Абай облысында сәйкесінше – 13,5 мың және 7,1 мың тонна, Ақтөбе облысында тірідей салмақта – 10,6 мың тонна және сойыс салмағында 5,5 мың тонна.
Осы жылдың алты айында жылқы басы өткен жылмен салыстырғанда 10,6%-ке өскен. 1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде жалпы 4,1 миллион жылқы болды.
Сондай-ақ қырылған жылқы саны жылына 5,2%-ке өсіп, 2,7 мың басқа дейін жетті. Көбіне Ақмола, Қостанай және Маңғыстау облыстарында мал арам өлген.
Шілде айында жылқы етінің орташа бөлшек саудадағы бағасы бір килограмм үшін 2 900 теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,5%-ке жоғары.
"Солтүстік Қазақстан облысында баға қатты қымбаттаған: бір жылда 28,8%-ке өскен. Жылқы еті қымбаттаған өңірлердің үштігіне сондай-ақ Ақтөбе облысы мен Шымкент қаласы да енді. Ең аз жылдық баға өсімі Қызылорда облысында 4,5% деңгейінде тіркелді", - деп жазды Energyprom.
Бір килограмм жылқы етінің ең жоғары бағасы (3,3 мың теңге) елордада тіркелсе, Қызылорда тұрғындары ең арзан (2,3 мың теңге) жылқы етін тұтынып отыр.