Қарағандыда автобус аурухананың тосқауылын бұзып, адамды басып кете жаздады – видео

© Sputnik / СтрингерАвтобус сбил пешехода на пересечении улиц Абая и Наурызбай батыра
Автобус сбил пешехода на пересечении улиц Абая и Наурызбай батыра   - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Бүгін Қарағанды қаласында болған жол апаты кезінде жолаушыларды таситын автобус аурухананың тосқауылын бұзып, өтіп бара жатқан әйелді басып кете жаздады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан eKaraganda.kz порталына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы тарады. Жеңіл көлік жаңбырдан кейінгі жолда тайып, бірнеше рет айналған. Сосын жолдың қарсы бетіне шығып кетті. Сол кезде оған 45 бағдардағы автобус соғылған.
Сосын инерциямен балалар ауруханасының тосқауылын бұзып, ауласына кіріп тоқтады. Тура бір-екі секунд бұрын автобус тоқтаған жерден бір әйел өткен.
Полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол апаты бүгін таңертең Пришахтинск ауданында болған. Жеңіл көлікті 26 жастағы ер адам басқарды. Салонда тағы үш жолаушы болды. Біреуі қолдан жарақат алды. Оған медициналық көмек көрсетілді.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайын анықталып жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.
Жаңалықтар
0