Оралдық кәсіпкерді өлтірген күдікті: екі әйелім бар, біреуінің аяғы ауыр

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуБасын ұстап отырған ер адам
Басын ұстап отырған ер адам - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2022
Жазылу
Олар өздерін қамауға алмауды сұрап отыр
НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Орал қаласында танымал кәсіпкерді қатыгездікпен өлтірген екі күдікті өздерін қамауға алмауды сұрады. 31 жастағы Руслан Қожантаев екі әйелім бар десе, 21 жастағы Тұрлан Амангелді қылмысқа мәжбүрлі түрде барғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Сотта қылмысқа қатысты тың деректер де жарияланды. Сол күні Қожантаев бәкісімен кәсіпкердің мойнына және кеуде тұсына пышақ сұққан. Ал Амангелді өз пышағын шығарып, мейрамхана қызметкерлерін жақындатпай қойған.
"Кәсіпкер Мұханғалиев өз өмірін сақтап қалу үшін терезеден секіріп кетуге тырысты. Сол кезде Қожантаев тағы да белінен бірнеше рет пышақ сұқты. Бірнеше ауыр жарақат алған Мұханғалиев орталық стадионға қарсы тұраққа қарай қашты. Күдіктілер қуып жетіп, жерге жыққан. Амангелді оны аяқпен бірнеше рет тепті. Қожантаев пышағын сұрап, кем дегенде алты рет сұққан. Мұханғалиев алған жарақатынан оқиға орнында кайтыс болды", - дейді прокурор Тәжғалиев.
Сараптама қорытындысына сәйкес, пышақ кәсіпкердің мойнына, кеудесіне, беліне және өкпесін тиген. Ұйқы күретамыры зақымданған, маңдай сүйегі сынған.
Прокурордың айтуынша, Қожантаев пен Амангелдінің тұрақты жұмысы жоқ. Ал ауыр қылмыстан кейін тергеуге кедергі жасап, куәгерлерге қысым жасауы мүмкін. Сол себепті екеуін де тергеу кезінде қамауға алуды сұрады.
Руслан Қожантаев прокурормен келіскен жоқ. Екі әйелінің бар екенін айтты. Біреуінің аяғы ауыр, басқа балалары да бар. Сол себепті қамауға алмауды сұрады. Ал Тұрлан Амангелді қылмысқа мәжбүрлі түрде барғанын мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, сол күні Қожантаев оған қысым жасаған.
Сот прокурордың өтінішін қанағаттандырды. Күдіктілер екі айға қамауға алынды.
Полицей - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2022
Өңірлер
Оралда кәсіпкерді өлтіргенде кезекшілікте жүретін полицейлер қайда болды
Жаңалықтар
0