https://sputnik.kz/20220811/odaqtas-asker-artemovsk-pen-soledarga-kirdi-26679693.html
Одақтас әскер Артемовск пен Соледарға кірді
Одақтас әскер Артемовск пен Соледарға кірді
Sputnik Қазақстан
Ресейлік әскер мен Донецк Халық Республикасының күштері Донбастағы Украина Қарулы күштеріне соққы жасауды үдетіп жатыр. Мұнда әзірше украин әскерінің... 11.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-11T22:33+0500
2022-08-11T22:33+0500
2022-08-12T16:43+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1d/25825003_0:14:3033:1720_1920x0_80_0_0_7436365b6d03456100646a3bcd974c00.jpg
Ресейлік әскер мен Донецк Халық Республикасының күштері Донбастағы Украина Қарулы күштеріне соққы жасауды үдетіп жатыр. Мұнда әзірше украин әскерінің Славянск-Краматорск бекініс аумағы алынбай тұр. Киев режимі әскери техника, әскери дайындықтан өткен адам резерві және командалық құрамның жоқтығынан одақтас күштердің батысқа қарай ілгерілеуін тоқтата алмай отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.Кешеден бері Ресей Федерациясы мен Донецк Халық Республикасының әскері Артемовск және Соледар қалаларына басып кіріп, өнеркәсіптік аймақ пен тұрғын үй орамдарында қақтығыс жүріп жатыр. Бұл елді мекендердегі украин гарнизондарын қоршауға алып жатқан жоқ, керісінше, жекелеген аудандарда оларды бір-бірінен ажыратып, жойып жатыр. Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері әлі де бейбіт тұрғындарды пайдаланып жасырынып, тұрғын үйлерді атыс нүктелері ретінде қолданып отыр.ДХР күштері Авдеевка бағытында Украина Қарулы күштерінің қорғанысын бұзып, Горловка маңында жойқын соққы жасап жатыр. Өткен тәулікте одақтас күштердің белсенді шабуыл әрекеттерімен Украина Қарулы күштерінің Артемовск және Авдеевск бағыттарындағы 14-ші және 66-шы механикаландырылған бригадаларының жеке құрамының 50 проценттен астамы жойылды.Пески елді мекенінің маңында Украина Қарулы күштерінің 56-шы мотомеханикаландырылған жаяу әскер бригадасы Северодонецктегі 57-ші бригаданың тағдырын қайталады – жеке құрамы мен жауынгерлік қабілетінің 70 процентіне жуығын жоғалтып, батысқа қарай қашты."Соледарда ресейлік әскер ірі өнеркәсіптік нысанды – Белокаменск отқа төзімді зауытын бақылауға алды. Қарсылас күштердің бір бөлігі ұзындығы ондаған километрге жететін тұз шахталарында жасырынып жатыр. Мұнда азық-түлік, су және оқ-дәрі қоры бар. Бірақ негізінен қатардағы жауынгерлер мен сержанттар тұтқынға беріліп жатыр, ал Украина Қарулы күштерінің офицерлері өз бөлімшелерін тастап, ескертуді күтпестен бас сауғалап жатыр", - деп жазды Хроленко.Украина әскерилерінің қарсы шабуылдауға бағытталған жекелеген әрекеттеріне қарамастан, Донбастағы жағдай одақтас күштердің пайдасына қарай қалыптасып жатыр. Украина Қарулы күштерінің Северск – Соледар – Артемовск қорғаныс шебі бұрын ең қуатты бекініс деп саналған. Киевте оны тіпті екінші украиналық "Маннергейм желісі" деп атады. Ал қазір бұл бекініс жүйелі түрде бұзылып жатыр. Киев режимі бұл аумаққа жойылған, жараланған және қашып кеткен украиналық жауынгерлердің орнына жаңадан жұмылдырылған әскерилерді жеткізіп үлгере алмай жатыр.Украина Қарулы күштерінің ұрыс даласында және терең операциялық тылында ресейлік қару-жарақ басым. Мұнда дәлдігі жоғары қанатты зымырандар, армия авиациясы, артиллерия, жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйелер, "Солнцепек", "Буратино" немесе "Тосочка" ауыр огнеметтері қолданылып жатыр. Ресей армиясы Т-90М "Прорыв" танктерінің жаңа партиясын алды.Әзірше украин әскері бекініс аумақтарында, өнеркәсіптік аймақтар мен шахталарда жасырынып, қарсы соққы жасауға тырысып жатыр. Бірақ, далаға, Донбасс аумағынан тыс шыққаннан кейін олар тоқтаусыз басытқа қарай қашатыны белгілі.Украиналық дереккөздер УҚК Бас штабы президент Владимир Зеленскийге схемалық картаны көрсетіп, Ресейдің жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйелері Днепрдің сол жағалауынан өтпей-ақ, Николаевтан немесе Кривой Рог жақтан келе жатқан кез келген әскерді жоя алатынын түсіндірді. Херсондағы көпірлерді қымбат HIMARS снарядтарымен зақымдаудың пайдасы болмайды. Ал шабуыл әрекеттері үшін Украина Қарулы күштерінде әскери дайындықтан өткен адам ресурсы, білікті командалық құрам және әскери техника жоқ.Украинадағы ақпарат көздері Северодонецк үшін шайқаста Украина Қарулы күштері тоғыз мың жауынгерінен айырылып, тағы ондаған мың әскери қызметкер жараланғанын хабарлады. Ал көзі жойылған броньдалған техника саны екі мыңға, ұшақтар саны бірнеше ондықтан асып кетті. Біраз бұрын РФ қорғаныс министрлігі Северодонецк маңындағы шайқаста украин әскері жеке құрамының 90 процентін жоғалтқанын хабарлады."АҚШ Украинаны қолдауды жалғастырып жатыр. 10 тамызда Пентагон басшысы Ллойд Остин Киевке қажетінше қару-жарақ жеткізуге уәде берді. Сол күні Германия Украина Қарулы күштеріне 5 километр қашықтыққа ұшатын 15 дана Gepard 1A2 өздігінен жүретін зениттік қондырғының кезекті партиясын жолдады. Бірақ Украинадағы кез келген НАТО қаруы аяусыз қиратылып жатыр және ол діттеген жерге жетпейді.Бүгін америкалық Politico басылымы украин әскерлерінің бейбіт тұрғындарға қарсы қылмыс жасап жатқанын растады: "Халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымының баяндамасы Украина үкіметі мен оның Батыстағы одақтастары үшін саяси жағынан ыңғайсыз болуы мүмкін, бірақ бұл баяндаманың дұрыс еместігін білдірмейді".Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1d/25825003_162:0:2893:2048_1920x0_80_0_0_a7760cfa92ddcb2c0d7a2bbc9f449438.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Ресейлік әскер мен Донецк Халық Республикасының күштері Донбастағы Украина Қарулы күштеріне соққы жасауды үдетіп жатыр. Мұнда әзірше украин әскерінің Славянск-Краматорск бекініс аумағы алынбай тұр. Киев режимі әскери техника, әскери дайындықтан өткен адам резерві және командалық құрамның жоқтығынан одақтас күштердің батысқа қарай ілгерілеуін тоқтата алмай отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Кешеден бері Ресей Федерациясы мен Донецк Халық Республикасының әскері Артемовск және Соледар қалаларына басып кіріп, өнеркәсіптік аймақ пен тұрғын үй орамдарында қақтығыс жүріп жатыр. Бұл елді мекендердегі украин гарнизондарын қоршауға алып жатқан жоқ, керісінше, жекелеген аудандарда оларды бір-бірінен ажыратып, жойып жатыр. Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері әлі де бейбіт тұрғындарды пайдаланып жасырынып, тұрғын үйлерді атыс нүктелері ретінде қолданып отыр.
ДХР күштері Авдеевка бағытында Украина Қарулы күштерінің қорғанысын бұзып, Горловка маңында жойқын соққы жасап жатыр. Өткен тәулікте одақтас күштердің белсенді шабуыл әрекеттерімен Украина Қарулы күштерінің Артемовск және Авдеевск бағыттарындағы 14-ші және 66-шы механикаландырылған бригадаларының жеке құрамының 50 проценттен астамы жойылды.
Пески елді мекенінің маңында Украина Қарулы күштерінің 56-шы мотомеханикаландырылған жаяу әскер бригадасы Северодонецктегі 57-ші бригаданың тағдырын қайталады – жеке құрамы мен жауынгерлік қабілетінің 70 процентіне жуығын жоғалтып, батысқа қарай қашты.
"Соледарда ресейлік әскер ірі өнеркәсіптік нысанды – Белокаменск отқа төзімді зауытын бақылауға алды. Қарсылас күштердің бір бөлігі ұзындығы ондаған километрге жететін тұз шахталарында жасырынып жатыр. Мұнда азық-түлік, су және оқ-дәрі қоры бар. Бірақ негізінен қатардағы жауынгерлер мен сержанттар тұтқынға беріліп жатыр, ал Украина Қарулы күштерінің офицерлері өз бөлімшелерін тастап, ескертуді күтпестен бас сауғалап жатыр", - деп жазды Хроленко.
Украина әскерилерінің қарсы шабуылдауға бағытталған жекелеген әрекеттеріне қарамастан, Донбастағы жағдай одақтас күштердің пайдасына қарай қалыптасып жатыр. Украина Қарулы күштерінің Северск – Соледар – Артемовск қорғаныс шебі бұрын ең қуатты бекініс деп саналған. Киевте оны тіпті екінші украиналық "Маннергейм желісі" деп атады. Ал қазір бұл бекініс жүйелі түрде бұзылып жатыр. Киев режимі бұл аумаққа жойылған, жараланған және қашып кеткен украиналық жауынгерлердің орнына жаңадан жұмылдырылған әскерилерді жеткізіп үлгере алмай жатыр.
Украина Қарулы күштерінің ұрыс даласында және терең операциялық тылында ресейлік қару-жарақ басым. Мұнда дәлдігі жоғары қанатты зымырандар, армия авиациясы, артиллерия, жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйелер, "Солнцепек", "Буратино" немесе "Тосочка" ауыр огнеметтері қолданылып жатыр. Ресей армиясы Т-90М "Прорыв" танктерінің жаңа партиясын алды.
Әзірше украин әскері бекініс аумақтарында, өнеркәсіптік аймақтар мен шахталарда жасырынып, қарсы соққы жасауға тырысып жатыр. Бірақ, далаға, Донбасс аумағынан тыс шыққаннан кейін олар тоқтаусыз басытқа қарай қашатыны белгілі.
Украиналық дереккөздер УҚК Бас штабы президент Владимир Зеленскийге схемалық картаны көрсетіп, Ресейдің жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйелері Днепрдің сол жағалауынан өтпей-ақ, Николаевтан немесе Кривой Рог жақтан келе жатқан кез келген әскерді жоя алатынын түсіндірді. Херсондағы көпірлерді қымбат HIMARS снарядтарымен зақымдаудың пайдасы болмайды. Ал шабуыл әрекеттері үшін Украина Қарулы күштерінде әскери дайындықтан өткен адам ресурсы, білікті командалық құрам және әскери техника жоқ.
Украинадағы ақпарат көздері Северодонецк үшін шайқаста Украина Қарулы күштері тоғыз мың жауынгерінен айырылып, тағы ондаған мың әскери қызметкер жараланғанын хабарлады. Ал көзі жойылған броньдалған техника саны екі мыңға, ұшақтар саны бірнеше ондықтан асып кетті. Біраз бұрын РФ қорғаныс министрлігі Северодонецк маңындағы шайқаста украин әскері жеке құрамының 90 процентін жоғалтқанын хабарлады.
"АҚШ Украинаны қолдауды жалғастырып жатыр. 10 тамызда Пентагон басшысы Ллойд Остин Киевке қажетінше қару-жарақ жеткізуге уәде берді. Сол күні Германия Украина Қарулы күштеріне 5 километр қашықтыққа ұшатын 15 дана Gepard 1A2 өздігінен жүретін зениттік қондырғының кезекті партиясын жолдады. Бірақ Украинадағы кез келген НАТО қаруы аяусыз қиратылып жатыр және ол діттеген жерге жетпейді.
Бүгін америкалық Politico басылымы украин әскерлерінің бейбіт тұрғындарға қарсы қылмыс жасап жатқанын растады: "Халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымының баяндамасы Украина үкіметі мен оның Батыстағы одақтастары үшін саяси жағынан ыңғайсыз болуы мүмкін, бірақ бұл баяндаманың дұрыс еместігін білдірмейді".
Әскери шолушы Александр Хроленконың
Telegram арнасы.