Ішкі істер министрлігі халыққа ескерту мақсатында SMS жіберіп жатыр
11:16 11.08.2022 (жаңартылды: 10:05 09.08.2023)
© Photo : Dean MoriartyСмартфон
© Photo : Dean Moriarty
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Ішкі істер министрлігі азаматтарға алдын алу және ескерту сипатындағы SMS жібере бастады, деп хабарлады Polisia.kz.
Халықты алаяқтық әрекет туралы SMS арқылы хабардар ету мәселесі 4 тамызда ішкі істер министрінің цифрлық даму министрлігінің өкілдерімен және байланыс операторларымен кездесуінде айтылған болатын.
"Мобильді байланыс Қазақстанның әрбір тұрғынына тұрғылықты және орналасқан жеріне қарамастан қолжетімді болғандықтан, SMS арқылы алаяқтық фактілері туралы ақпарат беру азаматтарды жедел хабардар етуге мүмкіндік береді", - деп хабарлады ІІМ.
Ішкі істер министрлігі сақтық шараларын еске салды:
ақшаны қауіпсіз шоттарға аудару, кредит рәсімдеу туралы өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған адамдардың телефон арқылы нұсқаулықтарына ермеу қажет. Құқық қорғау органдары арнайы операцияларды телефон арқылы жүргізбейді;
өздерін банк, полиция қызметкерлері ретінде таныстырған адамдарға дербес деректерді, пластикалық карталардың деректемелерін, аударымдар туралы түбіртектерді, әсіресе кодтар мен құпия сөздерді хабарламаңыз;
белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа көздерге жеке деректерді бермеңіз. Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбеңіз. Тауарды алғаннан кейін төлем жасауға тырысыңыз;
күмәнді шарттар бойынша аударымдарды жүзеге асырмаңыз;
қосымшаларды орнату үшін тек ресми App Store мен Play Market көздерін пайдаланыңыз;
белгісіз адамдардан келіп түскен сілтемеге кірмеңіз. Көбінесе алаяқтар төлем жасау үшін фишингтік сілтеме бойынша өтуді ұсынады;
банкинг қызметіне қол жеткізу құпия сөздерін жиі өзгертіп отырыңыз.
3D-қорғауды және банктер ұсынатын басқа қауіпсіздік шараларын қолданыңыз;
шоттарыңыздағы ақша айналымын жиі тексеру қажет.