БҚО-да астық тартатын машинаға түсіп кеткен ер адам көз жұмды

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуПшеница
Пшеница - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында өндірісте тағы бір қайғылы оқиға тіркелді. Ауыл шаруашылығы кәсіпорнының қызметкері астық тартқышқа түсіп кетіп, алған дене жарақатынан көз жұмды. Бұл туралы "Мой город" порталы өңірдегі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Асылұлан Досжановқа сілтеме жасап хабарлады.
Бір жұмысшы жұмыс орнын қалдырып, шөп ұсақтайтын машинаға түсіп кеткен. Қайғылы оқиғаның басқа мән-жайы туралы ақпарат таратылмады.
Екінші жағдайда жұмысшы цехтағы жүк тиеу алаңына барғанда кері бағытта жүріп келе жатқан тракторшы оны басып кеткен.
Еңбек инспекциясының басшысы өз жұмысшыларына қауіпсіздік техникасын үйретпейтін жұмыс берушілерді кінәлады. Кейбір жұмыс берушілер жазатайым оқиғаларды жасыруға тырысады.
Биыл жеті айда облыста өндіріске байланысты 33 жазатайым оқиға тіркелді, оның ішінде үш топтық сипатта болған. Батыс Қазақстан облысы бойынша еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Асылұлан Досжановтың айтуынша, барлығы 39 адам зардап шексе, оның 20-сы ауыр салдарға алып келген. Тоғыз адам жарақат алып, 10 адам көз жұмған.
Құрылыс саласында бес адам қаза тапты. Төрт жұмысшы биіктіктен құлаған, біреуі үстіне қабырғаның опырылып құлауынан қайтыс болған.
Жаңалықтар
0