Жүзім арасынан 100 келі қара уылдырық табылды

© Алексей КуденкоҚара уылдырық
Қара уылдырық  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз - Sputnik. Қазақстан шекарашылары 100 келі қара уылдырықты Ресейге заңсыз тасымалдамақ болғандарды тоқтатты, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
"2022 жылдың 6 тамызында Батыс Қазақстан облысы "Сырым" автокөліктік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына бағыт алған екі жүк көлігіне шекаралық бақылау жүргізу кезінде жүзім арасына жасырылған 8 термо қорапша анықталды", - делінген хабарламада.
Тексеру барысында жедел тергеу тобы 100 келіге жуық "қара уылдырық" салынған шыны ыдыстарды тапты.
Анықталған жүк Қазақстан ІІМ полиция бөлімшелеріне берілді.
Жаңалықтар
0