https://sputnik.kz/20220810/zher-betindegi-en-qysqa-kun-26622618.html
Жер бетіндегі ең қысқа күн 29 маусымда тіркелді
Жер бетіндегі ең қысқа күн 29 маусымда тіркелді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз — Sputnik. Жер бетінде атом сағаттарын ойлап тапқаннан кейінгі бақылау тарихындағы ең қысқа күн тіркелді, деп хабарлайды CNN. 10.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-10T09:12+0500
2022-08-10T09:12+0500
2022-08-10T09:12+0500
жер
күн
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/03/15374100_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_2f3d583fd3c5014f78f2d50b8bff245b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз — Sputnik. Жер бетінде атом сағаттарын ойлап тапқаннан кейінгі бақылау тарихындағы ең қысқа күн тіркелді, деп хабарлайды CNN. 29 маусымда күн әдеттегі 24 сағаттық күннен 1,6 миллисекундқа аз болды. Бақылау тарихындағы ең қысқа күн 2020 жылдың шілдесінде өтті.Зерттеушілер Жердің неге тезірек айналғанын нақты айта алмайды. Олар мұздықтардың еруін себептердің бірі ретінде болжап отыр. Алайда Жер бетіндегі тіршілік басталған кезде күн қазіргіден әлдеқайда қысқа болған. 2020 жылы "Палеокеанография және палеоклиматология" журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, Жерде динозаврлар болған кезде, әдеттегі күн шамамен 23 жарым сағатқа созылған.* Атом сағаты (молекулалық, кванттық сағат) — атом немесе молекула деңгейінде болатын процестермен байланысты уақытты өлшеуге арналған аспап. 1 секунд цезий-133 атомының негізгі күйінің ауысу кезінде пайда болатын электромагниттік сәулеленудің 9 192 631 770 кезеңі ретінде қаралады. 1967 жылдан бастап осындай тәсіл қолданылады. Цезий-133 атомы уақыт пен жиілікті өлшеу стандарты болып табылады. Секундтың анықталу дәлдігі басқа негізгі бірліктердің анықталу дәлдігін айқындайды. Мысалы, вольт немесе метр, анықтамасында секунд бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/03/15374100_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_baf8e8fa73a0d3e3e088957e887e81fe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жер, күн
Жер бетіндегі ең қысқа күн 29 маусымда тіркелді
НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз — Sputnik. Жер бетінде атом сағаттарын ойлап тапқаннан кейінгі бақылау тарихындағы ең қысқа күн тіркелді, деп хабарлайды
CNN.
29 маусымда күн әдеттегі 24 сағаттық күннен 1,6 миллисекундқа аз болды. Бақылау тарихындағы ең қысқа күн 2020 жылдың шілдесінде өтті.
Зерттеушілер Жердің неге тезірек айналғанын нақты айта алмайды. Олар мұздықтардың еруін себептердің бірі ретінде болжап отыр.
Алайда Жер бетіндегі тіршілік басталған кезде күн қазіргіден әлдеқайда қысқа болған. 2020 жылы "Палеокеанография және палеоклиматология" журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, Жерде динозаврлар болған кезде, әдеттегі күн шамамен 23 жарым сағатқа созылған.
* Атом сағаты (молекулалық, кванттық сағат) — атом немесе молекула деңгейінде болатын процестермен байланысты уақытты өлшеуге арналған аспап. 1 секунд цезий-133 атомының негізгі күйінің ауысу кезінде пайда болатын электромагниттік сәулеленудің 9 192 631 770 кезеңі ретінде қаралады. 1967 жылдан бастап осындай тәсіл қолданылады. Цезий-133 атомы уақыт пен жиілікті өлшеу стандарты болып табылады. Секундтың анықталу дәлдігі басқа негізгі бірліктердің анықталу дәлдігін айқындайды. Мысалы, вольт немесе метр, анықтамасында секунд бар.