ҚТЖ департаментінің директоры сот залында босатылды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСот отырысы
Сот отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2022
Жазылу
Сотта сотталушының қызмет бабын бірнеше рет теріс пайдалану фактілері анықталды, бірақ ол түрмеге жабылмады
НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының 2 сотында "Қазақстан темір жолы" АҚ ұлттық темір жол тасымалдаушысы ірі менеджерлерінің біріне қатысты үкім шықты.
Сотталушы – жол және құрылыс департаментінің директоры Т. есімді азамат мемлекеттік функцияларды орындау кезінде уәкілетті тұлғалармен теңестіріле отырып, өзінің Ш. есімді танысынбасшысы етіп қызметке орналастырған. Оған қамқорлық көрсеткен деп айыпталды.
Жұмысқа орналасуға көмектескені үшін Т. 2018 жылы жеке өзі жалпы 5 миллион 300 мың теңге пара алған.
Сонымен қатар, Т. 2020 жылдың ақпан айынан бастап 2021 жылдың мамыр айына дейін жетекші және тікелей жетекші бола тұра, өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, қарамағындағы жеті қызметкерден заңсыз 1 миллион 538 мың теңге алған.
"Т. өзінің іс-әрекетімен еңбекақы төлеу құқығын бұза отырып, аталған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қандай да бір кемсітушіліксіз елеулі залал келтірген", - деп атап өтті сотта.

Сыйақы мен жемқорлық

Сот "Т. мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген тұлға болып табылмайтындықтан, сыбайлас жемқорлық қылмысының субъектісіне жатпайды" деген қорытындыға келді.
Сотта Т. аса ірі мөлшерде, бірнеше рет заңсыз сыйақы алғаны дәлелденді. Сондықтан оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 247-бабының 3-бөлігімен ("Заңсыз сыйақы төлеу") қайта қарастырылды.
Сот жаза тағайындау кезінде жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайды, яғни сотталушының кішкентай балалары бар екенін ескерген, бірақ жауапкершілікті ауырлататын мән-жай анықталған жоқ.
Сот Т-ны бірнеше рет аса ірі мөлшерде заңсыз сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танып, үш жыл мерзімге экономикалық қызмет саласында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырды. Бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Бұл ретте сот сотталушының сот талқылауына дейін қамауда болған уақытын, ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеген екі тәулікке қамауға алудың бір күнін теңестіру есебін ескеріп, ер адамды сот залында жазадан босатты.
Сотталушыдан мемлекет пайдасына 3 миллион 840 мың теңге тәркіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0