https://sputnik.kz/20220810/qazaqstandyq-aue-kompaniyalary-qytay-ozbekstan-26624473.html
Қазақстанның әуе компаниялары Қытай мен Өзбекстанға рейс санын көбейтуді сұрады
Қазақстанның әуе компаниялары Қытай мен Өзбекстанға рейс санын көбейтуді сұрады
Sputnik Қазақстан
Пандемияға байланысты осы елдер арасындағы рейстердің саны айтарлықтай қысқарып, бұл билет бағасына әсер етті 10.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-10T10:59+0500
2022-08-10T10:59+0500
2022-08-10T11:00+0500
әуе компаниясы
қытай
өзбекстан
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1f/25181343_0:101:1280:821_1920x0_80_0_0_5248735a1ff86948be0314fd34f00f7b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстандық ірі әуе компаниялары Air Astana, SCAT және Qazaq Air елдің авиация билігінен Қытай, Өзбекстан және Пәкістанға ұшатын рейстер санын көбейтуге ықпал етуді сұрады. Қазақстанның азаматтық авиация комитетінің әуе тасымалдаушылармен өткен онлайн кездесу қорытындысы бойынша таратқан баспасөз релизінде көрсетілгендей, бұл бағыттарға сұраныс артып отырғанымен, оны қанағаттандыру әзірше мүмкін болмай отыр. Мысалы, карантиннің жалғасуына байланысты Қытайда бүгінде аптасына үш рейс қана орындалады, бірақ пандемияға дейін 40-тан астам рейс ұшқан. Аз ұсыныс жағдайында жоғары сұраныс болуы әуе билеттерінің құнына әсер етті. "Біз Қытайдың авиация билігіне рейс санын көбейту туралы ұсыныспен бірқатар хат жаздық. Сондай-ақ өзбек әріптестерімізге жаңа бағыттар мен рейстер ашу туралы ұсыныс жіберілді, қазір жауап күтіп отырмыз. Жақын арада біз Қытай, Өзбекстан және Пәкістанның авиациялық билігімен тағы да байланысып, өзекті мәселелерді талқылаймыз", - деді Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева. Қазіргі уақытта халықаралық рейстер аптасына 518 рейс жиілігімен 115 бағыт бойынша 28 елде орындалады. Әзербайжан, Армения, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Греция, Грузия, Мысыр, Үндістан, Иран, Италия, Катар, Қытай, Кувейт, Қырғызстан, Мальдив аралдары, Моңғолия, Нидерланды, Біріккен Араб Әмірліктері, Польша, Ресей Федерациясы, Сауд Арабиясы, Тәжікстан , Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Чехия және Оңтүстік Корея әуе қатынасы реттелген мемлекеттер қатарында тұр. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық әуе компаниялары халықаралық бағыттар бойынша 1,2 миллион адамды тасымалдады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (0,7 миллион) 60%-ке көп.
қытай
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1f/25181343_76:0:1213:853_1920x0_80_0_0_783b8831fcddfe0577f91371255aa6dc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әуе компаниясы, қытай, өзбекстан
әуе компаниясы, қытай, өзбекстан
Қазақстанның әуе компаниялары Қытай мен Өзбекстанға рейс санын көбейтуді сұрады
10:59 10.08.2022 (жаңартылды: 11:00 10.08.2022) Пандемияға байланысты осы елдер арасындағы рейстердің саны айтарлықтай қысқарып, бұл билет бағасына әсер етті
НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстандық ірі әуе компаниялары Air Astana, SCAT және Qazaq Air елдің авиация билігінен Қытай, Өзбекстан және Пәкістанға ұшатын рейстер санын көбейтуге ықпал етуді сұрады.
Қазақстанның азаматтық авиация комитетінің әуе тасымалдаушылармен өткен онлайн кездесу қорытындысы бойынша таратқан баспасөз релизінде көрсетілгендей, бұл бағыттарға сұраныс артып отырғанымен, оны қанағаттандыру әзірше мүмкін болмай отыр.
Мысалы, карантиннің жалғасуына байланысты Қытайда бүгінде аптасына үш рейс қана орындалады, бірақ пандемияға дейін 40-тан астам рейс ұшқан. Аз ұсыныс жағдайында жоғары сұраныс болуы әуе билеттерінің құнына әсер етті.
"Біз Қытайдың авиация билігіне рейс санын көбейту туралы ұсыныспен бірқатар хат жаздық. Сондай-ақ өзбек әріптестерімізге жаңа бағыттар мен рейстер ашу туралы ұсыныс жіберілді, қазір жауап күтіп отырмыз. Жақын арада біз Қытай, Өзбекстан және Пәкістанның авиациялық билігімен тағы да байланысып, өзекті мәселелерді талқылаймыз", - деді Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева.
Қазіргі уақытта халықаралық рейстер аптасына 518 рейс жиілігімен 115 бағыт бойынша 28 елде орындалады. Әзербайжан, Армения, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Греция, Грузия, Мысыр, Үндістан, Иран, Италия, Катар, Қытай, Кувейт, Қырғызстан, Мальдив аралдары, Моңғолия, Нидерланды, Біріккен Араб Әмірліктері, Польша, Ресей Федерациясы, Сауд Арабиясы, Тәжікстан , Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Чехия және Оңтүстік Корея әуе қатынасы реттелген мемлекеттер қатарында тұр.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық әуе компаниялары халықаралық бағыттар бойынша 1,2 миллион адамды тасымалдады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (0,7 миллион) 60%-ке көп.