Қазақстанда "Ланъя" вирусы тіркелген жоқ

© AFP 2024 / LUIS ACOSTAСотрудник лаборатории в защитном костюме изучает образцы коронавируса под микроскопом
Сотрудник лаборатории в защитном костюме изучает образцы коронавируса под микроскопом - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстанда вирусты жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.
"Ланъя" вирусы алғаш рет төрт жыл бұрын, гендік зерттеу нәтижесінде табылды.
Одан кейін екі жыл ішінде бұл вирусты Қытайдың екі провинциясынан 35 адамның жұқтыру дерегі тіркелді. Ауырған адамдарда безгек, шаршау, жөтел, миалгия, құсу, бас ауруы және тәбеттің жоқтығы белгілері байқалды.
Бұл зоонозды инфекция, яғни адамдар ауру жануарлардан вирус жұқтырады.
Вирусқа антиденелер үй жануарларында – ешкілер мен иттерде анықталды. Табиғатта вирус жертесерде кездеседі.
Ғалымдар "Ланьяның" адамнан адамға жұғуы мүмкін-мүмкін емесін әлі анықтаған жоқ.
Бұған дейін Қытай ғалымдар тобы генипавирустың жаңа түрін анықтағанын жазған болатынбыз.
Жаңалықтар
0