Қашаған операторы кен орнындағы өндіріс біртіндеп қалпына келтіріліп жатқанын хабарлады

Кашаган - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстандағы Қашаған кен орнында мұнай өндіру жобасының операторы - NCOC (North Caspian Operating Company) өндіру кезең-кезеңімен қалпына келтіріліп жатқанын хабарлады.
"NCOC тамыздың 9-нан 10-на қараған түні өндіріс біртіндеп қалпына келтіріліп жатқанын хабарлайды", - деп жазылған компанияның сайтында сейсенбі күні жарияланған мәлімдемеде.
"Бұл жұмыс қолданыстағы рұқсатнамалар аясында теңіздегі және құрлықтағы кешендерде газды шектеулі жағумен қатар жүреді деп күтілуде".
Компанияда атап өткендей, "газды жағу Қашаған кен орнын игеру де жататын осындай күрделі өндірістік операцияларды қалпына келтіру барысындағы стандартты процесс және шектеулі уақыт ішінде үзілмелі режимде жүзеге асырылады.
3 тамызда кен орнында өндіру аймағында газдың шығу белгілерінің анықталуына байланысты "Болашақ" кешенінің мұнай және газ өңдеу қондырғысын қауіпсіз тоқтату жұмыстары жүргізілді.
Қашаған соңғы онжылдықтарда ашылған ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып саналады. Бұл кен орнынан алынатын қор, сарапшылардың бағалауы бойынша, 9-13 миллиард баррель мұнайды құрайды. Қашағандағы коммерциялық өндіріс 2016 жылдың күзінде басталды.
Жаңалықтар
0