Павлодар облысынан Өзбекстанға 45 млн теңгеге бензин жібермек болғандар анықталды

© Photo : Пресс-служба Qazaq oilБензин
Бензин - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2022
Жазылу
Қазақстанда 12 шілдеден бастап алты ай мерзімге бензин мен дизель отынын автокөлікпен әкетуге тыйым салынған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Қаржылық мониторингі агенттігі ел аумағынан Өзбекстанға ірі көлемде бензин әкету фактісі туралы хабарлады.
Ведомство мәліметінше, Павлодар облысында көлемі – 280 тонна, шамамен 90 миллион теңге болатын жанармай құйылған 5 вагон-цистерна анықталған. Оларды жанармай қоспасы деген желеумен Өзбекстанға алып кетпек болған.
Алайда теміржол цистерналарынан алынған сынамаларға сәйкес К-4 экологиялық класындағы АИ-95 бензині болып шыққан.
"Келісімшарт бойынша шетел компаниясының пайдасына елден жалпы сомасы 45 миллион долларға 50 мың тонна экспорттау жоспарланған", – делінген ресми хабарламада.
Тергеу жалғасып жатыр, басқа ақпарат жария етілмейді, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.
Еске салсақ, Қазақстанда 12 шілдеден бастап алты ай мерзімге бензин мен дизель отынын автокөлікпен әкетуге тыйым салынған болатын.
Жаңалықтар
0