https://sputnik.kz/20220810/pavlodar-balabaqsha-tarbieshi-komekshi-26631689.html
Павлодар балабақшасында тәрбиеші көмекшісі баланы ұрып-соқты
Павлодар балабақшасында тәрбиеші көмекшісі баланы ұрып-соқты
Sputnik Қазақстан
ПАВЛОДАР, 10 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде балабақша қызметкері баланы бірнеше рет ұрып-соққаны туралы видео жарияланды. 10.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-10T14:23+0500
2022-08-10T14:23+0500
2022-08-10T14:23+0500
балабақша
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0d/18114054_0:139:1280:859_1920x0_80_0_0_f0faccc0e245ea14e14a1373b28a9bf4.jpg
ПАВЛОДАР, 10 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде балабақша қызметкері баланы бірнеше рет ұрып-соққаны туралы видео жарияланды.Павлодар облысының білім басқармасы шұғыл шара қолданды.9 тамызда № 4 балабақша әкімшілігіне "Б" кіші тобындағы баланың анасы қызының аяғы көгергенін айтып шағымданған. Бақылау камерасын қарау кезінде бала аяғын кереуеттің шетіне өзі ұрып алғаны белгілі болды.Дегенмен тәрбиеші көмекшісінің тәрбиеленушіге қол көтергені де анықталды. Бұл 9 тамызда балаларды ұйқыға жатқызу кезінде болған."Осыған орай мектепке дейінгі ұйым басшысының міндетін атқарушыдан, тәрбиеші көмекшісінен түсініктеме алынды. Жұмыс берушінің бастамасымен тәрбиеші көмекшісімен еңбек шарты бұзылды", - деп хабарлады білім басқармасының баспасөз қызметі.Сонымен қатар бақылау жасамағаны үшін мекеме басшысына сөгіс жарияланды. Одан әрі тексеру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0d/18114054_0:0:1160:870_1920x0_80_0_0_84d7f4fbf6679d0ff2e63dd1ec61639c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балабақша
ПАВЛОДАР, 10 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде балабақша қызметкері баланы бірнеше рет ұрып-соққаны туралы видео жарияланды.
Павлодар облысының білім басқармасы шұғыл шара қолданды.
"Бейнебақылау камерасындағы жазбаны қарау кезінде Павлодар қаласындағы №4 балабақшада тәрбиеші көмекшісі балаға қол жұмсағаны анықталды", - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
9 тамызда № 4 балабақша әкімшілігіне "Б" кіші тобындағы баланың анасы қызының аяғы көгергенін айтып шағымданған. Бақылау камерасын қарау кезінде бала аяғын кереуеттің шетіне өзі ұрып алғаны белгілі болды.
Дегенмен тәрбиеші көмекшісінің тәрбиеленушіге қол көтергені де анықталды. Бұл 9 тамызда балаларды ұйқыға жатқызу кезінде болған.
"Осыған орай мектепке дейінгі ұйым басшысының міндетін атқарушыдан, тәрбиеші көмекшісінен түсініктеме алынды. Жұмыс берушінің бастамасымен тәрбиеші көмекшісімен еңбек шарты бұзылды", - деп хабарлады білім басқармасының баспасөз қызметі.
Сонымен қатар бақылау жасамағаны үшін мекеме басшысына сөгіс жарияланды. Одан әрі тексеру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді.