https://sputnik.kz/20220810/avtobusta-buryngy-ayelin-pyshaqtagan-er-adam-eki-ayga-qamaldy-26639929.html
Автобуста бұрынғы әйелін пышақтаған ер адам екі айға қамалды
Автобуста бұрынғы әйелін пышақтаған ер адам екі айға қамалды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Алматыда бұрынғы әйелін автобус салонында пышақтаған ер адамды екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 10.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-10T18:07+0500
2022-08-10T18:07+0500
2023-08-10T16:11+0500
автобус
https://sputnik.kz/img/534/61/5346176_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_dca885b5ae9557767d5664f8a503e5a9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Алматыда бұрынғы әйелін автобус салонында пышақтаған ер адамды екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Күдіктіні қамауға алу санкциясы бүгін, 10 тамызда берілді.Тергеу органдары оны екі айға қамауға алуға өтініш жасаған. Қаланың тергеу соты өтінішті қанағаттандырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.Айта кетері, 5 тамызда Алматыда ер адам автобуста бұрынғы әйеліне пышақпен тап берді. Ол әйелді 4 күн бойы аңдыған. Алайда ол жұмысынан басқа есік арқылы шығып, қашып жүрген. Сол күні ер адам әйелді алдап, автобусқа бірге мінген. Абырой болғанда, пышақпен қаруланған ер адамды жолаушылар ұстап, әйелді аман алып қалды. Куәгерлердің айтуынша, күдікті 2 жыл бұрын ажырасқан бұрынғы әйелін өлтірмек болыпты. Ал бұрынырақ қаскөй 2 баланың анасын уламақ болған. Бұдан бөлек үстіңе қышқыл құйып жіберемін деп қорқытқан екен.Басбұзар Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 3-бөлігі (Атыс қаруын, газды қаруды, пышақты, кастетті және басқа да қырлы қаруды немесе денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы бейімделген өзге де заттарды қолданып немесе қолдануға оқталумен жасалған бұзақылық) бойынша жауапқа тартылып отыр. Ол үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/534/61/5346176_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_723fd2f25f7fa89ed8a9e93ed5cf188a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автобус
Автобуста бұрынғы әйелін пышақтаған ер адам екі айға қамалды
18:07 10.08.2022 (жаңартылды: 16:11 10.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Алматыда бұрынғы әйелін автобус салонында пышақтаған ер адамды екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Күдіктіні қамауға алу санкциясы бүгін, 10 тамызда берілді.
Тергеу органдары оны екі айға қамауға алуға өтініш жасаған. Қаланың тергеу соты өтінішті қанағаттандырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетері, 5 тамызда Алматыда ер адам автобуста бұрынғы әйеліне пышақпен тап берді. Ол әйелді 4 күн бойы аңдыған. Алайда ол жұмысынан басқа есік арқылы шығып, қашып жүрген. Сол күні ер адам әйелді алдап, автобусқа бірге мінген. Абырой болғанда, пышақпен қаруланған ер адамды жолаушылар ұстап, әйелді аман алып қалды. Куәгерлердің айтуынша, күдікті 2 жыл бұрын ажырасқан бұрынғы әйелін өлтірмек болыпты. Ал бұрынырақ қаскөй 2 баланың анасын уламақ болған. Бұдан бөлек үстіңе қышқыл құйып жіберемін деп қорқытқан екен.
Басбұзар Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 3-бөлігі (Атыс қаруын, газды қаруды, пышақты, кастетті және басқа да қырлы қаруды немесе денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы бейімделген өзге де заттарды қолданып немесе қолдануға оқталумен жасалған бұзақылық) бойынша жауапқа тартылып отыр. Ол үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.