Төрт адам көз жұмды: елордалық жүргізуші бес жылға сотталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Ақмола облысында адам өліміне әкеп соққан жол апатын жасаған елорда тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
4 адам қаза тапқан өлім апаты 2021 жылғы 9 тамызда Нұр-Сұлтан – Петропавл автожолында болды.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Қылмыстық іс материалдары бойынша Skoda Superb B6 автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі Щучинск қаласы бағытында қозғалыс жылдамдығын сақтамай ЗАЗ CHANCE көлігімен соқтығысуға жол берген.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан ЗАЗ CHANCE автокөлігінің екі жолаушысы көз жұмды, кейіннен емдеу мекемесінде осы көліктің жүргізушісі мен тағы бір жолаушысы қайтыс болды. Тағы бір жолаушының денсаулығына орташа ауыр дәрежесінде зақым келді.
Сонымен қатар, Skoda Superb B6 автокөлігінің екі жолаушысының денсаулығына орташа және жеңіл дәрежеде зиян келді.
Қылмыстық іс шеңберінде қажетті тергеу іс-әрекеттері жүргізілді.
Сот дәлелдемелердің жиынтығын сотталушыны қылмыстық жазаланатын іс-әрекет жасағаны үшін кінәлі деп тану үшін жеткілікті деп санады.
Нәтижесінде, Ақмола облысы Біржан Сал ауданының сотымен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, автокөліктің 44 жастағы жүргізушісі қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, ер адам көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылды.

Жаңалықтар
0