Ақмола облысында екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневКарета скорой помощи на дороге столицы
Карета скорой помощи на дороге столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Ақмола облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
8 тамызда сағат 15:25-те Екатеринбург-Алматы автожолының 1085 шақырымында Сандықтау ауданы Владимировка ауылының 64 жастағы тұрғыны Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі Нұр-Сұлтан қаласы бағытында келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Рудный қаласының 33 жастағы тұрғынының басқаруымен жүріп келе жатқан Volkswagen Touareg автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды, ал көліктің жолаушысы түрлі жарақаттармен Астрахан ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңалықтар
0